#Абай175 челленджінде рекордтық көрсеткіш тіркелді
#Абай175 челленджінде рекордтық көрсеткіш тіркелді
152
оқылды

Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай бастау алған ақын шығармаларын оқу эстафетасын қоғам қолдап, алыс-жақын шетелдіктерге де жолдап жатты. Ал, Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының 700 әртісі «Көзімнің қарасы» әнін қосыла шырқап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл ақын мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған флешмобтардың ішінде қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш.

Мұндай ауқымды іс-шара өткізіп, Ұлы ақын шығармашылығына көптің көңілін аудару идеясы ұжым тарапынан бірауыздан қолдау тапқан. Бүгінде Қазақстан астанасының филармониясы қаладағы жетекші концерттік және оқу орындарының бірі. Онда 11 шығармашылық топ жұмыс істейді: қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық және эстрадалық вокал, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі

Елордалық филармонияның абыройын асқақтатып, мақтанышына айналған өнерпаздар аз емес.

Филармонияның солистері мен музыкалық топтары Абайдың әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін акапеллада орындады. Бас директор Дәкенов Ерлан қазақтың ұлы ақыны, композитор һәм жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың мерейтойын атап өту маңыздылығына тоқталып, эстафетаны ұжым атынан Қазақстан және Ресей Федерациясының филармонияларына жолдады.

https://youtu.be/8AIxqx3RYws