Инспекторлар кәсіпкерлерді негізсіз айыптаған
Инспекторлар кәсіпкерлерді негізсіз айыптаған
124
оқылды

Үш меншік иесіне санитарлық талаптарды орындамады деген әкімшілік хаттама дұрыс толтырылмаған.

Бұл жөнінде бүгін қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған онлайн жиында айтылды. 6 қараша күні Түріксіб ауданында құрылған мониторингтік топ киім сататын дүкендегі санитарлық нормалардың сақталуын, адамдардың бетперде тағуын тексерген. Сол кезде дүкенге келушінің бірінде бетперде болмаған. Бірақ айыппұл әлгі адамға емес дүкен иесіне салынған. Істің мән-жайын анықтау барысында хаттаманың негізсіз толтырылғаны анықталды.

Қалалық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Салтанат Лесбаева: «Бізге құқыққорғаушылардың әрекетіне қатысты кәсіпкерлер жиі шағымданады. Мысалы, тамыз айында өз міндетін дұрысы атқармаған екі инспектор жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне түсіндіру шараларын өткізуді сұрадық. Бірақ мониторингтік топтардың жұмысы қайта жанданғандықтан кәсіпкерлердің құқықтары да бұзылып жатқаны өкінішті. Сондықтан біз қалалық прокуратурадан мониторингтік топтардың жұмысына сараптама жасауды сұраймыз», – деді.