Кәсібі нәсіп болған аймақ
Кәсібі нәсіп болған аймақ
167
оқылды

Мұнай-газ саласы шоғырланған Атырау өңірінде экономикалық өсім тұрақты болып, мемлекет бағ­дар­ламалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Атырауда  өнеркәсiп өнiмiнің көлемi артып, қолданыстағы бағамен 3 763,1 млрд. теңге болды. Тау-кен өнер­кәсiбiнде 3 331,2 млрд теңге сомасында өнiм өндiрiлді. Осы мерзімде мұнай мен  ілеспе мұнай-газы саласында да қарқынды көрсеткіш байқалды. Мұнайлы өңірдегі өнеркәсіп сала­сының дамуы шағын және орта кәсіп­керлікті дамытуға да жол ашып отыр. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау бағытында мемлекет тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.  Өңір­імізде де кәсіпкерлікті дамыту ба­ғытында тиімді жұмыстар іске асырылу­да.  Таратып айтсақ, Мемлекет бас­шысының тапсырмасын іске асыру мақсатында толық форматтағы кәсіп­керлерге қызмет көрсету орталығы, яғни «Бизнеске арналған үкімет» жү­зе­ге асырыл­ды. Бұл қызмет көрсету ор­талығы қала және ауыл кәсіпкерлік субъек­тілерінің орталық алаңына айналатыны мәлім. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерге және жаңадан бизнес бастап, соны дөңгелетуге ынталы азаматтарға қажетті кеңестер беріледі және кәсіпкерлер кез келген бизнеске қатысты ақпаратты алып, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы көрсетілетін мемле­кет­тік қызметтерге қажетті құжат­тарды рәсімдеуге қол жеткізеді деп жос­­­парлануда. Сондай-ақ бизнеске қатысты кәсіп­керлік субъектілерге кеңінен қызмет түрлері көрсетілуіне байланысты өңір­іміздің көрсеткіштері қарқынды өсетіні белгілі. Қазіргі таңда «Бизнеске арналған үкімет» жобасында Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ» Кәсіпкерлерді дамыту қоры А Қ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ және «Альфа Банкі» АҚ-мен жиырмадан  астам қызметтер көрсетілуде. Биылғы он айда өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 49 997-ге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте шығарылған өнім көлемі – 1 147,5 млрд теңге. Кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие бағдарламалардың бірі бұл «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағ­дарламасы. Бағдарлама жүзеге асырылған он жылда несие сомасы 133,8 млрд теңгеге 1 861 жоба қаржыландырылды, 6 999 жаңа жұмыс орны құрылды. 2020 жылға бөлінген қаржы – 4,1 млрд теңге. Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыстық «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» ар­нал­ған бағдарламасының екінші ба­ғыты, қалаларда шағын несиелендіру шең­берінде (2017-2020) 1,7 трлн теңгеге 127 жоба шағын несиелендіріліп, 93 жоба кепілдендірілген. Басқарма тарапынан өңірге тікелей шетелдік инвестицияны тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп, ұйымдастырылуда. Инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету мақсатында өңірде Kazakh Invest ҰҚ» АҚ, «Атырау» әлеуметтік-кә­сіпкерлік корпорациясы» АҚ, Atyrau Innovations ЖШС мекемелер тиісті қызмет атқарады. Ел үмітін ақтар жоба, «Ұлттық индус­триялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ өз қыз­метін атқаруда. Аумағында 10 қатысушы тіркелген. Бүгінгі күні ірі көлемді ауқым­ды жобалар іске асырылуда. Нәтижесінде дамытуды қажет ететін экономиканың 4 саласы айқындалған.  Олар инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде әлеуметтік нысандар көбейту. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, яғни арнайы несие, субсидия, арнайы мамандарды даярлау орталығын құру, құнарлы жер телімдерін зерттеп, шаруашылыққа ұсыну және импортты алмастыру мен кадр қажеттілігі. Сайып келгенде, осы төрт саладағы даму өңірдің ғана емес, тұтас елдің экономикасына өз ықпалын тигізеді. Tyrsin       Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ. Атырау облысы