Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

М.Тынышбаев атындағы академияны бас лицензиясынан айыру туралы сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы үкім шығарды.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Қараша 26, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
сот, үкім, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
112
қаралым

90 жылға жуық тарихы бар академияның басына бұлт үйірілгелі біраз болған.

«Жыл бойы Академияда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, білім беру саласындағы өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, оқу процесі профессорлық-оқытушылық құраммен, өндірістік практика базаларымен, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің сұранысына толық сәйкес келмеді. Бұл түлектердің жұмысқа орналасуына да әсер етті. «Атамекен» ҰКП жүргізген рейтинг бойынша Академияның білім беру бағдарламаларының шамамен 60% жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді» деген хабар тараған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарған болатын. Университет БҒМ шешіміне байланысты сотқа шағымданған.

Ведомствоның мәліметінше, сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беретін бас лицензиясынан және оның қосымшаларынан айыру туралы қаулысына қатысты академияның шағымы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сәбит Сыраханның өліміне қатысты сот процесі Алматыда өтеді

Қызға таласқан екі жігіттің төбелесі қайғылы аяқталды

8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды

«Сот Білім және ғылым министрлігінің Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырып, қаулыны министрліктің пайдасына қабылдады. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған бұзушылық фактілерін де сот растады», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіндегілер.

Қазіргі таңда аталмыш ЖОО-да 5 мыңнан астам студент оқиды. Академияда оқу құны – білім беру бағдарламасына байланысты 427 мың теңгеден бастап 1,5 млн теңгеге дейін. Студенттер өз қалауы бойынша қаладағы өзге оқу орындарына ауыса алады. Академиядағы бакалавриаттың 8 бағыты, магистратураның 6 бағыты, докторантураның 4 бағыты бойынша лицензиялар Алматы қаласының басқа 30 жоғары оқу орнында бар. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтқан болатын.

 
Тегтер: М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясысотүкім
Алдыңғы жаңалық

Кәсібі нәсіп болған аймақ

Келесі жаңалық

Әкімдер әлеуметтік дүкен аша ма?

Ұқсас жаңалықтар

тележүргізуші
Жаңалықтар

Атақты тележүргізуші өмірден өтті

Қаңтар 24, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 2021
оқушы
Жаңалықтар

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 2021
Әлия Әбсеметова
Жаңалықтар

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атақты тележүргізуші өмірден өтті

Қаңтар 24, 00:03

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 23:30

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 22:48

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 22:13

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 21:48

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 21:20

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 20:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

тележүргізуші

Атақты тележүргізуші өмірден өтті

Қаңтар 24, 2021
ШҚО

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»