Тәртіп сақшылары тойда 100-ге жуық адамның болғанын анықтаған.
Полицейлер аталған жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар санитариялық-эпедемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин талабын сақтауға шақырады.Айта кетейік, жуырда Шымкентте карантин режимі тағы да ұзатылған болатын.