Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті ме?
Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті ме?
607
оқылды

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия бірінші арнасы» таратқан ақпарат ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды» делінген ведомство хабарламасында.

Ішкі істер министрлігі осы ақпаратты таратпауды, мекеменің бүгін берілетін ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.