Ішкі істер министрлігі қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Ішкі істер министрлігі осы ақпаратты таратпауды, мекеменің бүгін берілетін ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия бірінші арнасы» таратқан ақпарат ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды» делінген ведомство хабарламасында.