Батыс Қазақстанда студент жаңа туған сәбиін пакетке орап, дәретханаға тастаған
Батыс Қазақстанда студент жаңа туған сәбиін пакетке орап, дәретханаға тастаған
139
оқылды

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, осында тұратын 19 жастағы әйел босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Қазір өзі ауруханада жатыр. Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені.

Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.