Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі қандай?
Жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі қандай?

Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа нұсқасы бекітілді.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ҚР Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № 953 бұйрығы жарияланды.

Қабылданған құжат мәліметтеріне қарағанда, жүргізуші куәлігінде елеулі өзгерістер орын алмаған, тек интегралдық чип (микросызба) беткі жағынан сыртқы жағына қарай ауыстырылған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгісінде айтарлықтай өзгерістер бар.

Құжаттың беткі жағына көлік құралы туралы және оның иесі туралы мәліметтер жазылған. Ал куәліктің сыртына мәліметтерді енгізу үшін арнайы чип орнатылады.