Хайуанаттар паркіндегі ерекше фотосессия
Хайуанаттар паркіндегі ерекше фотосессия
146
оқылды

Фотографтар бауырымен жорғалаушыларды жылы «киіндіріп» суретке түсіріп, Instagram парақшасына жүктеді.

Ерекше әдімі, жылы «киімдерді» Даму бөлімінің қызметкерлері тоқыған.

«Бізге Абай атындағы ҚазҰПУ ұстазы, доцент Күміс Батырова көмектесті. Осы акция арқылы келушілер мен қонақтарға хайуанаттар паркінің жануарларға қамқорлығын естеріне түсіргіміз келді» дейді хайуанаттар паркінің даму бөлімі меңгерушісі Ақжәми Рахимова.

Негізі, мұндай үрдіс шет мемелекеттерде бар. Тұрғындар хайуанаттар паркіндегі жануарларға ескі жылы бұйымдары мен көрпелерін әкеліп береді. Алайда, Алматы хайуанаттар паркінде мұндай қажеттілік жоқ, өйткені олардың бәрі жылы жерге жайғастырылған.