Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Республикалық Медиация кеңесінің онлайн отырысы өтті

А.Ахметқазы
Қараша 26, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
Медиация кеңесі
135
қаралым

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – медиацияны және дауларды шешудің балама тәсілдерін дамытуға, медиация саласындағы жаңа мемлекеттік саясатты әзірлеуге жәрдемдесу. Медиация институтын және дауларды баламалы шешуді нығайту бойынша тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңын құру.

Медиация кеңесі

– Болашағы біртұтас Елдің барлық мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары қызметінің ең басты қағидаты – қоғамдық келісімді сақтау және нығайту. Осыған орай, барлық тараптардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу арқылы бітімгершілікке қол жеткізуге бағытталған медиация институтының ел бірлігі мен қоғамдық келісімді дамытудағы рөлі зор, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Наринэ Микаелян. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық медиаторлар институтын қалыптастыру және дамыту бойынша жүргізіп отырған жүйелі жұмысы мен елімізде құрылған 29 Медиация кеңесінің жұмысы туралы айтып өтті.

Ассамблея біртұтас ұлттың мүддесін білдіреді

Сайлау – 2021: Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылғы ақпаратына сүйенсек, республикамызда 126 медиаторлар ұйымдары тіркелген.

Алайда, олардың тек 24-інде ғана білім беру қызметтерін көрсетуге қажетті талаптары, яғни білім беру бағдарламасы, оқытып шыққан медиаторларының реестрі, сондай-ақ кәсіби медиаторларды дайындайтын тренер-медиаторлар туралы ақпараты жарияланған веб сайты бар.

Іс-шараға сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ербол Шәуенов, ҚХА мүшесі, Қазақстандағы «Вайнах» шешен-ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі, кәсіби медиатор Юсуп Келигов, ҚХА мүшесі, «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жаттықтырушы-медиатор Шерзод Пулатов, министрліктер мен өңірлік медиация орталықтарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

ҚХА мүшесі, «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жаттықтырушы-медиатор Шерзод Пулатов өз сөзінде бірқатар ұсыныстарын білдірді: «Біріншіден, медиаторлардың кәсібилігін арттыру мақсатында жанжалдарды шешудің, оның ішінде келіссөздер мен татуластыру рәсімдері саласында жаңа құралдарды үйрету бойынша білім беруді бастау қажет.

Екіншіден, ықтимал жанжалдардың алдын алу үшін жанжалды аймақтарды, оның ішінде ықшам өмір сүріп жатқан этностарды анықтау бойынша талдамалық-зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет.

Үшіншіден, жанжалдан кейінгі басқарудың тиімді алгоритмдерін жасап, жанжалдар этносаралық жазықтыққа өткен аймақтарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

Төртіншіден, колледждер мен университеттерде магистрлік бағдарламалар әзірлеп, конфликтологтарды, медиаторлар мен келіссөз жүргізушілерді даярлауда, оның ішінде этномедиация саласында арнайы модульдер жасау қажет», – деді ол.

Жалпы, жиын барысында Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің жаңа құрамы бекітілді және Медиация кеңесінің ережесі қаралды.

 
Тегтер: ассамблеяҚХАМедиация кеңесіНаринэ Микаелян
Алдыңғы жаңалық

Жанар Оразалина Көліктегі бас санитарлық дәрігер болып тағайындалды

Келесі жаңалық

Nur Otan Орталық сайлау комиссиясына депутаттыққа үміткер кандидаттардың тізімін өткізді

Ұқсас жаңалықтар

академия, аң терісі, полиция, Туризм академиясы
Жаңалықтар

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 2021
Алматы, жолаушылар автобусы, қоғамдық көлік
Жаңалықтар

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 2021
Қырғызстан Республикасы, Садыр Жапаров, инаугурация
Жаңалықтар

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 2021
Мәдениет министрлігі
Nur Otan

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 14:03

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 13:40

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 13:18

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Қаңтар 21, 13:12

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

Қаңтар 21, 12:52

Бектаева Nur Otan-ға келді

Қаңтар 21, 12:27

Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәсіліне Иордания корольдігі қызығушылық танытып отыр

Қаңтар 21, 12:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

академия, аң терісі, полиция, Туризм академиясы

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 2021
Алматы, жолаушылар автобусы, қоғамдық көлік

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»