Зорлықтың үлкені: балаға көрсеткен қорлық
Зорлықтың үлкені: балаға көрсеткен қорлық
519
оқылды

Елімізде күннен күнге зорлық-зомбылық көбейіп тұр. Оның бәрі бірдей тіркеліп, сотқа жетіп, қаралып жатқаны да саусақпен санарлық. Бірақ іштегі зарын тарқатып, бас сауғалап, өзгеден көмек күтетін жандар жетіп артылады. Солардың үнін тыңдап, сөзіне құлақ асып, септігін тигізуге атсалысып жүрген дағдарыс орталықтары мен қор жеткілікті.  Соның бірі – «Не молчи» қоры. Мұнда олар көпке айта алмаған сырын, ішкі жан-дүниесін, құпиясын бөліседі. «Бәрінен бұрын жасалып жатқан қылмыстар күннен күнге түрленіп, күрделеніп, тіпті жан шошытарлық деңгейге жетіп келеді» дейді қор жетекшісі Дина Таңсәрі.

[caption id="attachment_90543" align="alignnone" width="1024"]бала ©сурет интернеттен алынды[/caption] – Пандемия кезеңі елімізге қаншалықты әсер етті? Өйткені елдегі барлық дағдарыс орталықтары осы аралықта отбасылық зорлық-зомбылықтың көбейгенін айтып отыр. Бұл қаншалықты рас? – Шынын айтқанда, осы аралықта зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер саны күрт өсті. Бұл өсім ересектер арасында ғана емес, балалар ішінде де байқалды. Бұл балаға тек қатыгездік көрсету емес, сексуалдық қылмыс көбейе түскен. Ішкі істер министрлігінің ресми статистикасына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын балаларға қатысты 2 мыңға жуық қылмыс жасалады.

Мәселен, жыл басынан бергі 6 ай ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 879 қылмыс тіркелген. Ал сегіз айдың көрсеткіші бойынша, оның 550-і жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты екен. Олардың көпшілігі – 250-і – күш қолдану, бопсалау, қорқыту немесе баланың дәрменсіздігін қолдану арқылы зорлық-зомбылық жағдайлары. Әйтеуір, осы бір жылдың ішінде тікелей байланыс арқылы 4530 адамға көмек берілген.

[caption id="attachment_90529" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Оның үстіне бұл жағдайға мемлекет те дайын болмады. Себебі, осы аралықта барлық дағдарыс орталықтары, қонақүйлер, хостелдер жабық болды. Жолдастарымен сөзге келіп, одан таяқ жеп, түн ортасында үйінен қашып шыққан қыз-келіншектердің барар жері, басар тауы болмады. Ал ағайын-туғаны айғай-шудан қорқып, оларды жақындатпады. Карантин кезінде мемлекет кейбір орталықтармен келісіп, олардың бас сауғалайтын жерін ойластыруы керек еді. Нұр-Сұлтан секілді еліміздегі бірде-екілі жекелеген ірі қалаларда бұл жағдайды реттеуге тырысты. [caption id="attachment_90533" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Жасөспірімдер арасындағы қылмыс неге күшейіп кетті? Бәрінен бұрын жасалып жатқан қылмыстар күннен күнге түрленіп, жан түршіктіретін, жаға ұстататын жағдайға жетті. Қазір балаларға көрсетілетін сексуалды зорлық-зомбылық фактісі көбейген. Әсіресе, карантин кезінде зардап шеккен – балалар.

Мәселен, Шымкентте 12 жастағы жасөспірім 4 пен 8 жас аралығындағы көрші тұратын 5 балаға ойына келгенін істеген. Ол жай  ғана балалық бұзақылық болса, көз жұмуға болар еді. Бірақ ол өзінің ересектігін пайдаланып, үлкендердің ойынымен ойнаған. Оның бұл өрескел ісі жасөспірім болғандықтан қылмыстық айыптауға жатпай, ешқандай жазаға тартылмады. Ал енді ол баладан қандай болашақ көріп отырсыз? Өз ісін түсініп, өзіне сабақ болса, бір тәйірі. Мұның жазасы жоқ деп, ертең еркінсіп кетпесіне кім кепіл?!

Оның бәрі баланың қараусыз, интернеттің ықпалында қалғанын көрсетеді. Олар сол аралықта ешқайда шықпай, ешкімді көрмей, қатарластарымен араласудан, қосымша спорттық не шығармашылық үйірмелерге барудан қалды. Балалардың үйде істейтін ештеңесі қалмаған соң күндіз күні бойына интернетке байланды да қалды. Сондықтан әрқашанда балаларды бақылауда ұстап, қадағалап отыру керек. Бірақ соған қарамастан бұл істі толыққанды тексеру керек. [caption id="attachment_90536" align="alignright" width="496"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Сіздердің көмегіңізге жүгінген әрбір жанның тағдырын жазбаңызда бөлісіп отырасыз. Соның ішінде сізге қатты әсер еткені қайсы? –  Әрбір жағдай өзіме ауыр. Себебі, «ең өрескел оқиға» деп отырғанымда одан өткен сорақысы алдыма келіп тұрады. Шынын айтсам, «одан да жаманы бола ма?» деген үрей пайда болды.  Биылғы жылдың жаға ұстатары – Ираида Ислямгалиеваның тағдыры. Бірақ одан бұрын кеше ғана бір шағымданған ананың жағдайын айтайын. Оның айтуынша, қызы тұрмысқа кеш шыққан – 35 жасында. Тынымсыз жұмысының арқасында өзінің бүкіл жағдайын жасап, пәтерін де, көлігін де алған. Сөйтіп жүргенде өзінен 3 жас үлкен азаматты кездестіріп, отбасын құрады. Екеуі балалы болады. Арада көп уақыт өтпей, күйеуі әйелін өлтіру үшін киллер жалдайды. Бастапқыда болжам болса, қазір дәлелденді. [caption id="attachment_90537" align="alignleft" width="296"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

13 қараша күні олар «Магнум» гипермаркетінен шығып, Қапшағайға жол тартады. Барар жолда ол дәрет сындыру сылтауымен жол жиегіне тоқтап, көліктен түсіп кеткен. Қайта келгенінде әйелі көлікте пышақталған күйі көз жұмған. Ол сол сәтте не жедел жәрдем, не полицияны шақырмастан, әйелінің ата-анасына хабар берген.

Онда да әйелдің бүкіл беті-басын, мойнын  пышақпен тілгілеп тастаған. Бет-аузы тас-талқан болған келіншектің қабірін ашпастан, жерлеген. Ең сорақысы – қылмыс көліктің артында отырған сәбидің көзінше болған. Қазір бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.  Полиция департаментінің мәлімдеуінше, қылмысқа күдікті ретінде 37 жастағы және 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар аса ауыр қылмысты жасағанын мойындаған екен. [caption id="attachment_90538" align="alignright" width="208"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Бұл жерде ер адамның қандай да бір көздеген мақсаты бары анық. Оны анықтап білу керек. Негізі көзі тірісінде қыздары күйеуінің  бір жасар қызына педофилдық әрекеттер жасап жүргенін байқап, әке-шешесіне айтқан екен. Сондықтан қыздың ата-анасы күйеу баласының психикасын тексеру керегін жеткізуде. Өйткені қылмыс кезінде көлікте толтырып алынған баланың тамағы  мен ақша табылды. Ол дегеніміз – баламен қашуға бел буғаны. Оның  Қазақстан мен Ресейдің азаматтығы бар екен. – Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жандар бұл жағдайдан қалай шыға алады? Не істеу керек? Карантин жағдайында қалай болды? – Зорлық-зомбылықты карантин кезінде ғана емес, жай күннің өзінде басынан өткеру оңай емес. Ол моральді және әлеуметтік жағынан өте ауыр. Біз мемлекет тарапынан жан-жақты қорғалған емеспіз. Мәселен, ондай жағдай Америкада болса, жапа шегушіге мемлекет тарапынан психолог пен адвокаттың тегін көмегі не болмаса соққының кесірінен жұмысқа шыға алмай қалса да, төленетін төлемдер секілді әлеуметтік көмек көрсетіледі.  Ал бізде ондай жоқ. Иә, заң жүзінде қандай да бір шектеулер бар. Бірақ кейде әйел адам өзінің және балаларының өмірін сақтап қалу үшін ажырасуға барады. Бізге екіжақты келісіммен ажырасып, арадағы балаға дәнекер бола алмайтын жұптар көп. Оның бәрінен зиян шегетін – бала.

Мәселен, Израильде баланың алименті үшін анасы соттың табалдырығын тоздырмайды. Ол жақта ерлі-зайыпты ажырасса, үкімет баланың жылдық шығынын есептеп, әкесіне алиментті төлеуге міндеттейді. Сондықтан мемлекетіміз елдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің әрқайсысына барынша көмек қолын созуы тиіс. Әйтпесе, ертең дені сау ұрпақ сақтай алмай қаламыз. Ұрпағы жоқ елдің – ертеңі жоқ. Қазір жасөспірімдер бірін-бірі зорлап жатқанда, ертеңгі болашағымыз не болмақ?! Сол үшін де зардап шеккендерге айтарым, агрессияға шыдап жүре бермей, қарсылық таныту керек. Қай-қайсыңыз болса да, үнсіз қалмаңыздар деп кеңес берер едім.

[caption id="attachment_90540" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен адлынды[/caption] – Кейде құқық қорғау органдары зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің арызын қабылдамай, тіркемей жататыны рас па? – Бір жақты кесіп айтуға болмайды. Бірақ ондай жағдайлар да болып тұрады. Бізге түскен хабарламаның әрқайсысын біз полицияға хабарлап, анық-қанығын сұрастырамыз. Кей жағдайда ондай жағдайлар тіркелмеген болып жатады. Оның үстіне адамдар да «сөзге қаламын» деп, көп нәрсені айтуға қорқады. [caption id="attachment_90541" align="alignnone" width="1024"]бала ©сурет интернеттен алынды[/caption] – Қор қаншама іске қозғау салып, оның қозғалуына себепкер болып жатыр. Соның жемісін көрдіңіз бе? – Құдайға шүкір, бас көтерген істің бәрінде қозғау бар. Бірінде дау көп, енді бірінің айғағы жоқтығы уақытты қажет етеді. Бір жеңісіміз бар. Ол – Ираида Ислямгалиеваның тағдыры. Ол ашық ұстаныммен және күш-қайратының арқасында бопсалаушынығ жаза тартуына күресе білді. Ол өзінің күйеуі Ерлан Ислямгалиевті жауапқа тартты. Олардың дауы бір жылға созылды. Сол уақыттың ішінде Ираидаға оның бұрынғы күйеуі тергеу изоляторынан әр күн сайын хабарласып, қорқытып отырған. Тіпті, күйеуінің арызы бойынша оның үстінен бірнеше іс қозғалып, тергеуге алынған. «Оралдық тұтқын» деген атымен танылған Ираиданың оқиғасы былтырғы жылдың қарашасында болған. [caption id="attachment_90542" align="alignleft" width="486"]бала ©сурет интернеттен алынды[/caption] Бастапқыда қаладағы офистердің бірінде адамды тұтқынға алыпты деген ақпарат таралды. Артынан бір ер адамның тұтқынды нотариалдық кеңседе ұстап отырғаны анықталды. Кейін ол сол жерге аққайнар мен кәмпит алдыртқан. Содан кейін пистолет әрі ірі көлемде ақша, онымен бірге ұшақ пен инкассаторлық машина сұраған. Бірнеше сағатттық келіссөздің нәтижесінде Ираида босатылды. Ол бірден жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Тұтқында болған 6 сағатта  күйеуі оны пышақтап, денесін тілгілеп, соққыға алыпты. Бұл жағдай жайында ол жарты жылдай ешкімге тіл қатпаған.  Тек бізге айтты. Оның айтуынша, күйеуі оған тұрмысқа шыққан күннен бастап қорлай бастаған. Оған дәлел, Ерлан Ислямгалиевқа қозғалған іс. Ол бір күні әйелі мен ұлын пәтерде бірнеше күн бойы қамауда ұстаған. Ол Ираиданы ұрып соғып, батарейге кісендеп, ұлымен қорқытып, оның үш бөлмелі пәтерін өзіне жаздыртып алған. Оның бүкіл отбасылық өмірі қорқыныш пен үрейде өткен. Бірнеше мәрте полицияға шағымданғанымен, одан ештеңе шықпады. Ешқандай жазаға тартылмады. Тек оны тұтқынға алғаннан кейін оның үстінен бірнеше іс қозғалды.

 2020 жылдың екінші қарашасында Батыс Қазақстан облысының Ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Шара Зайнуллина Ерлан Ислямгалиевке үкім шығарды. Оны 13 жыл бас бостандығынан айыруға және 10,5 миллион теңге материалдық және моральдық залал өндіруге үкім кесті. Ислямгалиевті «Адамды кепілге алу», «Зорлау», «Жәбірлеу», «Бопсалау» баптары бойынша соттады. Қазір облыс полициясында Ираида Ислямгалиеваға қатысты әлі де бірнеше қылмыстық іс бар. Нақты қанша екенін полиция да анықтаған жоқ. Міне, бізде осындай жағдайлай өте көп.