Павлодарда кальян барына келгендер тексерушілерден жасырынып, дәретханада тығылған

Павлодарда кальян барына келгендер тексерушілерден жасырынып, дәретханада тығылған

Карантинге байланысты бірқатар мекемелердің жұмысына тыйым салынғанымен, мониторинг тобы кальян барында 15-тен аса адамның болғанын анықтады, деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін түнде жергілікті полиция, қалалық әкімдік және санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері «Малина» кальян барын тексерді. Мұндай мекемелердің жұмысына тыйым салынғанына қарамастан мониторинг тобы ғимарат ішінде 15-тен аса адамның болғанын анықтады» делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, мекеме әкімшілігі келушілерді қосалқы бөлме мен дәретханаға жасырып қоймақ болған.
«Іс материалдары шешім қабылдау үшін санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі» деп толықтырды дереккөз.