Диего Марадонаның неден қайтыс болғаны белгілі болды
Диего Марадонаның неден қайтыс болғаны белгілі болды
121
оқылды

Футболшы Диего Марадонаның жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны белгілі болды, деп  хабарлайды TN телеарнасы. 

Басылымның ақпарынша, медициналық қорытындыға сәйкес 60 жастағы спортшы кеңейтілген кардиомиопатиямен ауырған. Жүрек жеткіліксіздігі салдарынан жедел өкпе ісінуі пайда болған.

Невролог Нельсон Кастроның айтуынша, Марадонада мұндай проблема бұрыннан болған. Футболшы ұйықтап жатқанда қайтыс болған, азаптау белгілері жоқ.

"Бұл күтпеген өлім", -деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 60 жасында қайтыс болғанын жазған болатынбыз.