Өңірде оң өзгеріс көп
Өңірде оң өзгеріс көп
5,108
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көк­­­­­шетау қаласына жұмыс са­парымен барды. Жұмыс са­пары Ақмола облысын да­мыту жөнінде кеңес өт­кізу­ден басталды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қыз­ме­ті хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкі­мет мүшелері мен облыс ак­ти­вінің алдында сөйлеген сө­зінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи ең­бегін атап өтіп, көреген көш­бас­шылығының арқасында елі­міз әлеуметтік-экономикалық да­муда, сондай-ақ халықаралық аре­надағы орнын нығайтуда елеу­лі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

– Үкіметтің, Парламент депу­тат­тарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ­мер­зімді Стратегиясын, Ұлт жос­па­рын және Бес институ­цио­нал­дық реформаны іске асыруға барлық күш-жігерін жұмсау, – ­деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңа Мемлекеттік ин­дустриялық-инновациялық бағдарламаны сапалы жүзе­ге асырудың маңызына на­зар ау­дарып, алдыңғы бағдар­ла­ма­ларда кеткен кемшіліктерді ес­керу керегін тапсырды. Қасым-Жо­март Тоқаев жоспарларды іске асыру үшін жалаң есеп емес, сал­мақты талдау, тиімді іс-әрекеттер қа­жет деп санайды.

– Мемлекет басшысы ретінде, ха­лықтың маңызды талап-тілек­те­рін қанағаттандыруға арналған тиім­ді жұмыс күтемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ақ­мо­­ла облысының дамуы тура­лы айта келіп, өңірдің ауыл шаруа­­­шылығы, индустриялық-ин­но­ва­циялық саясат, машина жа­сау, түрлі-түсті металлургия, құ­рылыс жә­не құс шаруашылығы са­­ла­ла­рында оң өзгерістер ба­ры­на тоқ­талды.

Мемлекет басшысы облыс эко­номикасындағы өнеркәсіп өн­дірісінің үлесі артқанына қа­ра­мастан, өңірдің республика кө­­леміндегі үлес салмағы 2,5 пайыз­дан аспай отырғанын айт­ты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ма­сал кен орнындағы тау-кен ме­­­­­таллургия кешенін Тау-кен ме­­таллургия өнеркәсібін да­­мы­ту жөніндегі кешенді жос­пар­дан және Республикалық индуст­рия­ландыру картасынан алып тастау мәселесіне назар ау­дар­ды. Жоба кен өндіруден бас­тап болат прокатын шығаруға дейінгі технологиялық желіні құ­рап, 1 миллион тоннаға дейін өнім өндіруді көздеген болатын. Президенттің айтуынша, бұл ке­шен Жарқайың және Есіл ау­дан­дарының тұрғындарын жұ­мыспен қамтамасыз етіп, облыс экономикасының өсуіне септігін тигізер еді.

Осыған байланысты Мем­ле­кет басшысы Үкіметке «Са­мұ­рық-Қазына» қорымен бірлесіп, атал­ған жоба бойынша нақты ше­шімге келіп, тиісті шаралар қа­былдауды тапсырды.

Президент еңбек өнімділігін арт­тыру, оның ішінде, ауыл шаруашылығы – өңір эко­но­ми­касын өркендетудің басты фак­торы екеніне тоқталды.

– Соңғы үш жылда Ақмола об­лысында суармалы жерлердің кө­­­лемі 7,5 есе артып, 24 мың гек­тардан асты. Бұл – өнімділікті арттыруға тікелей әсер ететін жақ­­сы көрсеткіш. Осындай жұ­мыс­ты жалғастыра беру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы еліміздің үш ірі ас­тық өсіретін облысында ауыл шаруа­шылығы бойынша еңбек өнім­ділігі төмен екенін, олардың үлесі 5 мыңнан 8 мың долларға дейін ғана жететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне аг­рарлық өңірлердің әкімдік­тері­мен бірлесіп, агроөнеркәсіп ке­шеніндегі еңбек өнімділігін ұл­ғайту үшін жетекші отандық әзір­лемелер енгізе отырып, нақ­ты шаралар қабылдауды тап­сыр­ды.


Мемлекет басшысы егіс­тік алқаптарын игеру­мен ай­на­лыспайтын латифун­дис­терден жер­ді қайтарып алу жөніндегі тап­сырмасына тоқталды.

– Менің тапсырмам өте баяу орын­­­далып жатыр. Бұдан тап­сыр­ма­­ның орындалуын әдейі созып отыр деген ой туады. Мұндай жағ­­­­­­дайда қолданатын шаралар сим­­мет­риялы болады. Ықылассыз орын­­даушыларға оңай тимейді, – деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кеңес барысында Мемлекет бас­­­­шысы туризм саласындағы ша­­­­­ғын және орта бизнесті дамы­ту мәселесіне тоқталды. Ол биз­­нес жүргізуге жасалатын жеңіл­дік бойынша облыстың артта қал­­­­­ғанына, жұмыспен қамтылғандар мен шағын және орта бизнес кә­сі­порындарының өнім өндірісі төмен екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «қара­пайым заттар экономикасы» жо­ба­ларына кәсіпкерлерді белсенді түр­де жұмылдыру керек деп есептейді.

Өңірдің табиғи демалыс орын­дары мен мәдени мұра нысандары жайында айтқан Президент ту­рис­тік әлеуеттің әлі де толық пай­да­ла­нылмай жатқанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев туризм са­­ласы аймақтың жалпы өнімінің 0,5 пайызын ғана құрап отырғанын баса айтып, туризмді дамытуға ар­­налған мемлекеттік бағдарлама бойын­ша 2025 жылы елімізде атал­ған көрсеткішті 8 пайызға жет­кізу тапсырылғанын атап өтті.

– Үкіметке облыс әкімдігімен бір­­­лесіп, Щучье-Бурабай курорт­тық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңі шеңберінде қолға алынған инфрақұрылымдық жоба­ларды аяқтауды тапсырамын. Қа­зақстанның Туризм картасында Зеренді демалыс аймағы да бар. Атал­­ған аймақты экологиялық жә­не балалар туризм саласына бейім­деуге болады, – деді Қазақстан Пре­­­зиденті.

Мемлекет басшысы жол бойы сер­­висінің сапасы мен қызмет көр­­сету деңгейінің төмендігін сын­­­ға алып, оны тиімді дамытудың жол­дарын қарастыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бағаның кө­терілуіне жол бермеуді, әсіресе әлеу­­меттік маңызы бар тауарларды қым­баттатпауды ескертті.

– Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қымбаттап, инфляцияның алдына түсіп кетті. Кей жағдайларда екі есе­ге дейін жеткен. Инфляцияның жалпы деңгейі 5,3 пайыз, ал баға 9 пайыз­дан асып кетті, – деді Пре­зи­дент.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс­тың соңғы екі жылдағы тұрғын үй құрылысының қарқынына (900 мың шаршы метр) оң баға бе­ріп, жергілікті жолдар мен көше-жол жүйесінің 880 шақырымы жақ­сарғанын айтты. Сонымен қа­тар шешілмеген бірқатар инф­рақұрылымдық мәселелерге, оның ішінде Сарыарқа магистральді газ құ­быры бойына салынатын газ тарату желісінің құрылысына назар аударды.

– Үкіметке облыс әкімдігімен бір­лесіп, 2020-2021 жылдары Ар­­ша­лы және Целиноград аудан­дарын­да газ тарату желісін салуды тапсырамын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев инф­­ра­­­­­құрылымды дамыту жөнін­де­­гі міндеттерге тоқталып, Үкі­­­­­­­­­м­ет­­­­ке халықаралық қаржы инс­­­­­титуттарынан несие тарта оты­­рып, Ақмола облысында ЖЭО салу мүмкіндігін қарастыруды тап­сырды.

Мемлекет басшысы облыстың агломерациялық аймағының инф­рақұрылымына қатысты мә­се­ле­лерді тездетіп шешу жайында ай­тып, Қосшы ауылын мысалға кел­тірді.

– Қосшы ауылындағы ха­лық­тың санына қатысты үш түрлі дерек бар: нақты есеп бойынша 52,5 мың халық тұрады; үй шаруа­шы­лығының тіркеу дәптеріндегі тұр­ғындар саны – 34 мың; кө­ші-қон қызметі ресми түрде 16,5 мың адамды тіркеген. Бұл қай тұрғыдан алсаңыз да қауіпті жағ­дай. Жақында халық санағы бо­ла­ды. Тұрғындардың саны мен олар­дың өмір сапасы жайында нақты білуі­міз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент аймақты дамытуда ке­шенді басқару тәсіліне көшу қа­жеттігін атап өтіп, халқымыздың тұр­мыс сапасын арттыру басты мақ­сат екенін жеткізді.

– Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің арасындағы жұмыстардың өзара үйлесімділігін жандандыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкім­дігіне 2020 жылы Көкшетау қа­ла­сында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтас­тық Форумын өткізуге толық дайын болу үшін бірқатар тапсыр­ма берді.


«Бижан» ет өңдеу зауытын аралады

Мемлекет басшысы өндіріс ғи­маратын аралап көріп, облыстың ет өңдеу зауыты өндірген өнімдермен танысты.

Нысанды аралау барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Президентке өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту жайында мә­лімет берді.


«Новопэк» ЖШС-ның жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы полип­ро­пи­лен бұйымдарын жасайтын кә­сіпорындағы өнім шығару жұ­мы­сының технологиялық проце­сімен танысты.

Өндірілетін өнім әлемдік стан­дарт­тарға сай келеді және Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан ел­де­ріне экспортталады. Зауытта 940-тан астам адам жұмыс істейді.

Компанияның бас директоры Рүс­тем Османов Президентке кә­­сіпорын қызметкерлеріне ар­нал­­ған 600 орындық жатақхана­ның құрылысы туралы және мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын балабақша жайында баяндады.


«Ақай» тігін шеберханасына барды

Президент Ақмола облысына сапары барысында «Ақай» тігін ше­берханасының жұмысымен та­нысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шыға­ры­лып жатқан өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс пен өркендей беруді тіледі.

Кәсіпорын қызметкерлері Мем­­лекет басшысына шағын және ор­та бизнеске көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.