Азаматтық алуға берілген өтініштерді қарады
Азаматтық алуға берілген өтініштерді қарады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Мемлекеттік хатшы Қ.Кө­шер­баевтың тө­рағалығымен Пре­зидент жанындағы Аза­маттық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті. Отырыста Қазақстан аза­мат­тығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініш­тері қаралды. Одан бөлек, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің аза­маттықты өзгерту мәселелері жө­нінде 2020 жылы атқарған жұ­мыс­тарының алдын ала нәтижелері тал­қыланды. Жиын қорытындысы бойынша комиссия Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетел­дерден келген әртүрлі ұлттар­дың 1 037 өкілін еліміздің аза­мат­тығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді. Комиссия 300 адамның шығу туралы өтінішін қанағаттандыруды да ұсынатын болады.

А.СҰЛТАН