Партияішілік праймериз екі мақсатты көздеді

– ХХ съездің шешіміне сәйкес «Nur Otan» партиясы 7-ша­қы­ры­лым­дағы Мәжіліс депутаттығына кан­дидаттардың тізімін  жариялады. Сайлау науқанының бірінші ке­зеңінің басты оқиғасы – жетекші пар­тия өзінің ХХ съезінде канди­дат­тар­дың тізімін ұсынды.

Осы маусымда «Nur Otan» үміт­керлер корпусын құрудың жаңа мо­делін қолданғаны туралы көп ай­тыл­ды. Жалпы, партияішілік праймериз екі мақсатты көздеді – партияны түбегейлі қайта жандандыру нау­қанының шең­берінде саяси актив­терді жаңарту жә­не партияның сай­лаушылар ал­дын­дағы имиджін жаңарту. Екі мә­се­ле де жүйелі түрде жү­зеге асы­рыл­ды.

Нәтижесінде, партия мүше­лері­нің дауыстарымен таңдалған 78 кан­дидат өңірлерде ұсынылды. Олардың ара­сында 5 депутат қана бар, соны­мен қатар көптеген азаматтық бел­сен­ділер, кәсіпкерлер, білім беру, ден­саулық сақтау, бұқаралық ақпарат құрал­дары өкілдері, сондай-ақ пар­тия белсенділері мен аймақтық бас­қару элитасының өкілдері бар. 78-інің ішінен 1 кандидат съезге дейін өз кандидатурасын алып тастады.

Аймақтық кандидаттардың 28,6 пайы­зы – әйелдер, 19,5 пайызы – әкім­діктер мен мәслихаттардың қыз­меткерлері, 6,5 пайыз – партия бел­сенділері, олардың ішінде 79,2 пайыз қазақтар екенін де айта кеткен жөн.

Тізімде әдеттегідей Мәжі­ліс­ке «зейнетке» жіберілетін адамдар жоқ екенін атап өткім келеді. Қазіргі шақырылымның белгілі депу­тат­тары, тәжірибелі саясаткер-ардагер­лер саны көп емес. Бұл «Nur Otan» пар­тиясының XX съезі шешімдерінің бас­ты мәні болса керек.

А.СҰЛТАН

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.