Ақпараттық жұмыстарға көңіл бөлінді

Ақпараттық жұмыстарға көңіл бөлінді

Ортсайлауком Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Азаматтардың алдағы сайлауды әзірлеу мен өткізу туралы толық және дұрыс ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ОСК аппараты бейресми түсіндіру құ­ралдары ретінде ақпараттық-тү­сіндіру материалдарының ке­шенін (бейне, аудиороликтер, пла­каттар, әдістемелік және басқа да ма­те­риалдар) әзірледі. Қазіргі уақытта БАҚ арқылы ақпараттық мате­риалдар кеңінен жарияланып  келеді. Атап  айт­қанда, 6 республикалық теле­арнаның эфирінде арнайы әзір­ленген бейнероликтер 951 рет жарыққа шықты. Со­нымен қатар 5 рес­публикалық  радиостансада  ау­дио­роликтер 813 рет шығарылды, әрі осы материалдар өңірлік теле және радио арналарда ротация арқылы кеңінен көрсетіліп келеді. Сондай-ақ «Топ-7» рейтингке кіретін 5 республикалық интернет-ресурстың  беттерінде  тәулік бойы режимі бойынша интернет-баннерлер орналастырылып, олардың ин­тернеттегі көрсетілім саны 18 млн-ға жетті. Ал мерзімді басылымдарға келсек, жалпы таралымы 925 мың дана болатын 6 республикалық газетте 12 модуль жарияланды.