Нұр-Сұлтан қаласындағы террористік тұрғыда осал мекемелердің кемшіліктері мен өрескел бұзушылықтары анықталып жатыр. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Арнайы тексеру барысында мекемелер террористік тұрғыда осал объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Сондықтан аталған акционерлік қоғам 500 АЕК (1 миллион 389 мың теңге) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер астанадағы медициналық және білім беру мекемелерінің, сауда үйлерінің және адам көп жиналатын өзге де орындардың терроризмге қарсы қорғалуына ерекше көңіл бөліп, тексеріп жатыр. Оның қорытындысы көрсеткендей, бірқатар өрескел кемшіліктер әшкереленді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының екі бірдей мектебінде терроризмге қарсы қорғанудың үлгілік төлқұжаты әзірленбеген. Сонымен қатар білім беру мекемесінің қызметкерлері террористік қатер жағдайында әрекет етуге дайын болмай шыққан. Бұл – ең маңызды талаптың бірі. Жыл басынан бері жүргізілген тексеріс нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 149-бабына сәйкес түрлі санаттағы 11 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті террористік тұрғыда осал объектілердің басшыларына объектілердің лаңкестік шабуылға қарсы қорғану саласындағы заңнама талаптарын сақтауға кеңес береді.Е.СЕНБАЙ