Бір айда 34 өтінішті қарады

Бір айда 34 өтінішті қарады

21 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау ко­миссиясына 34 өтініш келіп түс­кен, оның ішінде жеке тұл­ғалардан – 5, заңды тұлға­лар­дан – 29, оның ішінде БАҚ-тан – 13.

Келіп түскен мәселелердің сипаты бойынша қарастырсақ, өтініштердің 50  пайызы (17) – сайлау туралы заңның нормаларын түсіндіру, 17 пайызы (6) – сайлау процесін ұйым­дастыру мә­селелері бойынша ақпарат беру, 12 пайызы (4) – сайлау заңна­масын және ОСК қызметін жетілдіру жө­ніндегі ұсыныстар, 21 пайызы (7) – өзге де мәселелерге байланысты болған. Өз кезегінде Орталық сайлау ко­мис­сиясы келіп түскен 34 өтініштің 22-сіне белгіленген мерзімде толық жауап берген, 4 өтініш Орталық сай­лау комиссиясының құзыретіне кір­мейтіндіктен, заңда белгіленген тәр­тіппен мемлекеттік органдарға қай­та жолданды. Ал бір өтініш қай­талап берілген өтініш болған­дықтан қараусыз қалдырылды. БАҚ-тың екі ақпараттық хабарламасы ОСК сай­тында орналастырылды. 5 өтініш қа­­ралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ. Өтініштерді қарау кезінде Ор­талық сайлау комиссиясы мен ОСК аппараты «Қазақстан Респуб­лика­сындағы сайлау туралы» Кон­сти­туциялық заңды, «Жеке және заң­ды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Электрондық құжат және элек­трондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды басшылыққа ала­ды.

А.СҰЛТАН