«Nur Otan» мүшелері қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінеді
«Nur Otan» мүшелері қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінеді
160
оқылды

«Nur Otan» партиясының ХХ съезі жай­лы ой бөліскен сая­сат­танушы Қазы­бек Майгелдинов партия мүшелерінің бар­лығы сай­лаушылар мен қоғам ал­дында жауапкершілік пен Тұңғыш Пре­зи­дент анықтаған стратегиялық бағыт­тан ауытқымаудың маңы­зын сезінетінін айтты. Оның ойынша, партия съезінде сая­си ұйым сай­лаушылардың, ұйым мү­шелерінің, сарапшылар мен бәсе­ке­лес­тердің сансыз сауалына нақты жауап берді.

«Nur Otan» съезі – еліміздің ал­дында тұрған түрлі сын-қатерге қар­сы партияның барлық мүшелерінің мақ­сат-мүддесі бір арнаға тоғысып, бі­ріге түскенін көрсетті. Әрбір нұро­тандық, қатардағы партия мүшесінен бас­тап, Мемлекет басшысы, бизнес-құры­лымдардың, министрліктер мен ведомства басшылары, депу­тат­тарға дейін қоғам мен сайлаушылар алдын­дағы жауапкершілікті сезініп отыр, әрі Тұңғыш Президент – Ел­ба­сы анықтаған стратегиялық ба­ғыттан ауытқымақ емес», – деді сая­сат­тану­шы әлеуметтік желідегі жаз­басында. Сонымен қатар Қазыбек Май­гел­динов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі жағдайды  мұқият са­раптау нәтижесінде әзірленген сайлауалды бағдарламаны таныс­тырғанына тоқталды. Бұл сайлауалды бағдарлама партияның «қоғамдық қабылдауларының» жұмысы нә­ти­жесінде, жергілікті жерден жиналған 20 мыңнан астам өтінім мен тілектің негізінде әзірлегенін атап өтті. Әрі «Nur Otan»-ның соңғы бір жарым жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде қай­та жанданғанын, партиялық кадр саясатын өзгертіп, «балласттан» құтыл­ғанын және партияішілік де­мократиялық сайлау – праймериз өт­кізгенін атап өтті.

А.СҰЛТАН