Парламент сайлауының маңызы талқыланды
Парламент сайлауының маңызы талқыланды
197
оқылды

Елордада Еуразиялық ин­теграция институтының бас­тамасымен  «Парламент сай­лауы: ерекшеліктері мен маңызы» атты сарап­та­малық конференция өтті.           

Шарада алдағы Парламент сай­лауының маңызы сарап­та­лып, талқыға түсті. Сондай-ақ кез­десу кезінде партиялардың ст­ратегиялары талданып, ха­лық­­тың саяси мәдениетін арт­тыру бойынша ұсыныстар орта­ға тасталды. Іс-шараға Прези­дент жанындағы Ұлттық қоғам­дық сенім кеңесінің мүшелері мен ғалымдар, басқа да сарап­шы­лар мен блогерлер қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 25 қа­рашада Нұр-Сұлтан қала­сын­да «Nur Otan» партиясының ХХ съезі өтіп, партия өзінің сай­лауал­ды бағдарламасы мен кан­ди­даттар тізімін таныстырған бо­латын. Іс-шараның модераторы Ер­лан Саиров еліміз Парламент сай­лауының жауапты кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Оның ай­туынша, «Nur Otan» пар­тия­сының ХХ съезі жұртшылыққа қа­зақстандық элитаның бір­тұ­тас­тығын байқатты. – Қазір еліміздің одан әрі дамуына өз үлестерін қосқысы келетін және өз көзқарастары қа­лыптасқан көптеген партия бар. «Nur Otan» партиясы өте күш­ті әлеуметтік бағытталған бағ­дарлама ұсынды. Оған қоса, Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының стратегия­лық бағытын жалғастыруымыз қа­­жет­тігін атап өтті. Ең бастысы – осы, – деді Ерлан Саиров. Ол қазақстандықтардың тұ­рақ­сыз әлемдегі тұрақты елде өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті. Президент жанындағы Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесі­нің мүшесі Айдос Сарымның пікі­рін­ше, барлық реформалар әлем­дік үрдістерді де, қоғамның мүм­кіндіктері мен қажеттілік­те­рін де ескеруі керек. Саясаттанушы Қазбек Май­гелдинов сайлау кезіндегі саяси пар­тиялардың жұмысына түсі­-нік­теме беріп, мүмкіндіктерін ба­ға­лады. Ал Марат Шибұтов­тың пі­кірінше, Мәжіліс сайлауы қар­саңында саяси партиялар мүм­кін­дігінше көп кандидат ұсынуы ке­рек. Сондай-ақ сарап­шы пар­тия­ның қаншалықты жаңар­ға­нын, «Nur Otan» атынан кан­ди­дат­тар тізімінде жастар мен жаңа тұлғалар көптігін  де ай­тып өтті.  – Біз «Nur Otan» тізімінде 84 де­путаттың 23-і ғана бар екенін көріп отырмыз. Яғни, депу­тат­тар­дың 75 пайызы өткен жоқ. Оның ішінде екі вице-спикер, бірнеше комитет басшылары бар, – дейді саясаттанушы. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің сая­сат­тану кафедрасының меңгерушісі Индира Рыстина болса егер әрбір қазақстандық дауыс беруге қатысса, сайлаудың әділетсіз өту қаупі азаяды деп санайды. – Қазіргі кезде тәуелсіз ба­қы­­лау­шылар тобы белсенді жұ­мыс істеп жатыр. Сайлауда жер­гілікті бақылаушылар да, әр партияның бақылаушылары да, шет­елдік бақылаушылар да бо­лады. Олардың міндеті – сай­лаудың барынша адал өтуін қа­дағалау. Ең бастысы, әр пар­тия­ның өз бақылаушыларын шы­ғаруға құқығы бар. Оның өзі сай­лаудың адал өтуіне жол аша­ды, – деді Индира Рыстина. Са­рап­шы жеңімпаздар туралы бол­жам жасау қиын екенін, алайда «Nur Otan»-ның қар­сы­ластарына қарағанда артық­шы­лығы болатынын айтты. Жиын барысында саяси кеңес­ші Дина Айкенова пар­тия­лар­дың белсенділігі мәселесіне же­ке тоқталды. Оның сөзінше, елі­міздің саяси аренасында «Nur Otan»-нан басқа партиялар әлеу­меттік желіде белсенді жұ­мыс істемейді. Осы тектес мә­се­лелерді ортаға салған мамандар алдағы сайлауда «Nur Otan» пар­тиясы мүшелерінің мүмкін­дігі зор екенін алға тартты.

Мадияр ТӨЛЕУ