Камералар жолдағы апат санын азайтуға көмектеседі.
Белгілі болғандай, бейнебақылау камералары әр көлікті суретке түсіріп, оны сараптамаға жібереді екен. Егер ережебұзушылықтың болғаны анықталса, аталған сурет бірден полицияға жіберіледі. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, тексереді.Қазір жаңа жүйе тестілеу режимінде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан әзірге ешкімге айыппұл салынбайды.