WhatsApp-тағы видео: Таразыдан алдайтын саудагерлердің қай өңірден екені анықталды

WhatsApp-тағы видео: Таразыдан алдайтын саудагерлердің қай өңірден екені анықталды

Қостанайдағы орталық базар сатушылары таразыдағы тауар салмағын астыртын арттырып, тұтынушыларды алдаған.

Жергілікті полицейлер желіде тараған видеоның желісімен рейд жүргізіп, осындай мәлімдеме жасады. Әуелі бұл видео мессенджерлер арқылы кең тарап, елді елең етті. Кейін әлеуметтік желілерге жүктелді. Бейнекөріністе бейтаныс жігіт саудагерлердің астыртын салмақ қосатын қитұрқы тәсілін анықтаған. Қалың жұрт қай базар екенін білмей дал болды. Түрлі болжамдар айтылды. Ақыры тәртіп сақшылары бірнеше сауда орындарын аралап әлгі таразыны тапты. Бұл – Қостанайдағы орталық базар екені анықталды.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің бас маманы Кенже Қонысбай: «WhatsApp-та жарияланған оқиғаның Қостанай қаласында болғаны анықталды. Нақтысы, Қостанай қаласындағы орталық базарда. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 190-бабына сәйкес, яғни тұтынушыны алдау. Осы заңға сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді.

https://www.youtube.com/watch?v=HsHYTxdmER0&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BE%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%83