Аялдамаға 1 жасар баласын тастап кеткен әйелді тапты
Аялдамаға 1 жасар баласын тастап кеткен әйелді тапты
104
оқылды

Павлодар облысында аялдамадан табылған 1 жасар бүлдіршіннің анасы кім екені анықталды.

Кеше кешкі 21:25 шамасында Павлодар қаласындағы трамвай аялдамасынан кішкентай бала табылған болатын. «VITA Павлодар қаласының іздеушілері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның сөзіне сенсек, оларға баланың әжесі хабарласқан. Олар сол арқылы сәбидің анасын тапқан. Баланың аты – Батыр.

«Аялдамадан табылған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Біздің іздеуші жасақ Павлодар полицейлерімен бірге әйелдің қайда екенін анықтап, тапты. Құрметті аналар! Қандай жағдай болса да, балаңызды мынадай суықта далаға бұлай тастап кетпеңіздер», – дейді Екатерина Кудрявцева.

Әйелдің баланы қалай аялдамаға жалғыз қалдырып, кетіп бара жатқаны камераға түсіп қалған.