Disney компаниясы 32 мың қызметкерін қысқартады.
Өткен айда басталған қысқарту 2021 жылдың наурызына дейін жалғаспақ.
Әсіресе тақырыптық ойын-сауық парктерін, саяхат кемелері мен бейне-ойындарды басқаратын бөлімшелер қатты зардап шегіп жатыр.
Соңғы мәлімет бойынша, олар шамамен 2 млрд 600 млн долларлық шығынға батқан, яғни кіріс көлемі 61 процентке азайған.