Қоқыстан қаражат табудың көзі қандай?
Қоқыстан қаражат табудың көзі қандай?
119
оқылды

Еліміздің Алматы, Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шым­кент қалаларында қоқыстан энергия өндіретін зауыт салынатын болды. Жоба сәтті жүзеге асса, зауыт құрылысы басқа қалаларда да бас­та­лады.

Экология, геология және таби­ғи ре­сурстар министрі Мағзұм Мыр­­­за­ға­лиев қалдықтарды өң­деу деңгейін арттыру үшін заңна­ма­лық деңгейде Waste to energy тех­нологиясы енгізілетінін айтты. Бұл тех­нология бойынша қоқысты жа­ғу арқылы электр энергиясы өндірі­ле­ді, сосын ол жалпы электр желісіне са­тылады. Жуырда Президент Қасым-Жо­март Тоқаев тиісті заңға қол қойған. «Осы технологияның ар­қасында біз 2025 жылға қарай қо­қысты қайта өң­деу деңгейін 30 пайызға, яғни орта еу­ро­палық дең­гейге жеткіземіз», – деді ве­домство бас­шысы. Ауқымды жобаны іс­ке асыру үшін де қомақты қаражат ке­рек. Бұл үшін кемінде 200 миллиард тең­ге жеке инвестиция тарту қажет. Премьер-Министр Асқар Ма­миннің айтуынша, бүгінде өңір­лерде қатты тұр­мыстық қалдық ор­наластырылатын 3,5 мың нысан жұ­мыс істейді. Оның ішін­де 620-сы ғана талапқа сай келеді. Ол Эко­логия министрлігіне өңірлердің әкім­­діктерімен бірлесіп, рұқсатсыз қо­­қыс төгілген жерлердің бәрін жабу жө­нінде пәрменді шаралар қа­былдауды жә­не ресурсы сарқыл­ған полигондарды жауып, қайта қоп­сыту жұмыстарын жүр­гізуді тап­сырды. Сарапшылардың айтуынша, жыл сайын елімізде шамамен 5 мил­лион тон­на қалдық пайда бо­ла­ды. Олардың 15 пайы­зы қайта өң­­­деледі. Қазір осы мін­детті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жа­­ғатын кешендер жұмыс істейді. Бұл – қалдықтарды көму көлемін азай­тудың тиімді тетігі. Осы күнге дейін еліміздегі зауыт­тар қоқысты тек сұрыптап, қайта өң­десе, жаңа зауыт­тар өңдеуден қалған қал­дық­тарды өртеп, одан энергия ала­ды. Мұн­дай тәсіл еліміздегі по­­­лигондардың са­ны мен алаңын қыс­қартып қана қой­май, қоқысты жа­ғудан экологиялық және эко­номикалық нәтиже алуға мүм­кін­дік бе­реді. Елімізде қатты тұрмыстық қал­дық­­тар көп. Былтырдан бастап қо­қыс по­лигондарына пластмасса, қа­ғаз бен әйнекті алдын ала сұ­рып­таусыз кө­му­ге тыйым салын­ды. Бірақ жер­лес­­теріміздің қалдық­тарды сұрыптап тас­тап жатқанын ілуде бір байқайсың. Та­­биғат жанашырларының түсі­ні­гінше, әрбір тұрғын үйден қоқыс екі па­кетпен шығуы керек. Оның бірі­не азық-тү­лік қалдықтарын, екін­шісіне әйнек, плас­тик және қа­ғазды салып шығуға тиіс. Мұндай жоғары мәдениет қалыптасу үшін біраз уақыт керегін де аңғарасың. Қа­зір Алматы, Нұр-Сұлтан және өзге де бірқатар қалада қайта өң­де­летін ши­кізатқа арналған жасыл контейнерлер мен пластикке ар­нал­ған торлар қойылып жатыр. Осы жақсы үрдісті әрі қарай іліп алып кетуге не кедергі? Жыл сайын әр­бір қазақстандық орта есеп­пен 250-360 келі тұрмыстық қал­дық тастайды екен. Табиғат жа­нашырлары қоқыс тас­тауды ең ал­дымен үй қалдықтарын сұрып­тау­дан бастау керегін айтады. Түр­лі кон­тейнер қойып, оларға қо­қыстың дұрыс тасталуын қада­ғалап, адамдарды бірте-бірте соған үйрету керек. Ол үшін тиісті заң­намада қатты тұрмыстық қал­дықты көму ғана емес, сұрыптаусыз бір контейнерге лақтыруға тыйым са­лы­натыны нақты жазылуы керек. Сон­да ғана тұрғындардың осы та­лап­ты орын­дауын қадағалауға бо­лады. Заң­ның орындалуын ба­қылау қажет, тәр­тіпбұзушылық болған жағдайда айыппұл салынуы тиіс. Алматыда мұндай тә­жіри­бе бар. Бірқатар университет пен ұйым қоқысты сұрыптап жинауды бастады. Мемлекетке қарайламай, плас­тик, қағаз және әйнекті қабыл­дау орындарына өткі­зеді. Тауар жиналғанда компаниялар ке­ліп, қай­та өңделетін шикізатты өздері алып кетеді. Бірақ әзірге оның бә­рі же­ке бастама деңгейінде қолға алын­ды, мем­лекет міндеттеген жоқ. Мысалы, плас­тик өнім сы­нып қалса, оны жеті рет қайта өң­деуге болады екен. Демек, бір плас­тиктің өзінен жеті рет табыс та­ба аласың. Мұндай ұқыптылық эко­­номиканың да бойына қан жү­гіртері сөзсіз. Бірақ біз сол үдеден шы­ға аламыз ба? Мәселе сонда. Алдымызда 2030 жылға дейін­гі даму бағ­дарламамыз бар. Үкімет сол кезге дейін қатты тұр­мыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40 пайызға жеткізуі тиіс. Тиіс­ті министрлік бұл межеге тіпті көр­­сетілген мерзімнен сәл бұры­ны­рақ же­туді көздеп отыр. Эко­ло­гия, гео­ло­гия және табиғи ре­сурс­тарды қор­­ғау министрлігінің деректеріне қа­ра­­ғанда, бүгінде елі­мізде 200-ден ас­там қатты тұр­мыстық қалдықтарды өң­деу­мен ай­налысатын кәсіпорын бар. Олар­дың күшімен биыл қоқысты өңдеу көр­­сеткі­ші 15 пайызға жеткізілді. KazWaste қалдықтарды бас­қару қауымдастығының төрағасы Шынболат Байқұловтың айтуын­ша, істің нәтижелі болуы үшін өң­делетін қоқыс тоннасы үшін бекі­тілген тариф те басқаша есеп­телуі тиіс. Дамыған елдерде тарифтен түс­­кен қаржының 45-50 пайызын өң­­деуші кәсіпорындар, 40 пайызын қал­­дықтарды тасымалдаушылар, 10 пайы­­зын полигондар алады. Біздің елде 65 пайызы тасымалдаушыға, яғни қо­қысты шығарушы кәсі­порын­дарға тие­сілі. Тек 17 пайызын оны өңдеуші кә­сіпо­рын­дардың, 18 пайызы полигонның ен­шісінде. Ал полигонда қоқыс тек сақ­талады, рекультвациялау ісі де өте тө­мен. Қазақстандағы қатты тұрмыс­тық қал­дықтарға қатысты бекі­тіл­ген тариф 84-553 теңге аралы­ғында. Жоғары көр­сеткіш Алматы (553 теңге) мен Нұр-Сұлтан (390 тең­ге) қалаларында. Ал ең тө­мен­­гі тариф Таразда – 84 теңге. Өзге қалаларда 100-300 теңге ара­лығында. Осындайда ескеріле­тін тағы бір жайт, елімізде қоқыс полигондарының 15 пайызы ғана заңдастырылған. Демек, қалған қоқыс полигондары қараусыз, ес­­керусіз жатыр деген сөз. Шет мем­ле­кеттердің тәжірибесіне сүйен­сек, да­мы­ған елдердің түсінігі бойын­ша қо­қыс қалдықтары өл­шеусіз бай­лық көзі. Мысалы, Швей­цария­да қоқыс по­ли­гоны жоқ. Мұнда қалдықтардың 99 пайызы өңделеді. Германияда тұрмыс қал­дықтарының 68 пайызын өңдеп, кә­деге жаратады екен. Одан жыл сайын 50 миллиард еуро көле­мін­дегі табыс та­бады. Жерасты қазба байлығымен бюд­жетін толтырып отыр­ған біз үшін, әри­не бұл өте таң­сық дүние. Дегенмен жыл сайын қара алтынның азайып ке­ле жат­қанын ескерсек, біз де қо­­­қыстан қаражат табудың көзін қа­­зірден қарастыра бергеніміз жөн.

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ