Қазақстаннан көшіп жатқандар арасында қала тұрғындары көп
Қазақстаннан көшіп жатқандар арасында қала тұрғындары көп
185
оқылды

Қазақстаннан шетелге қала тұрғындары көшіп жатыр, биыл қаңтар мен қыркүйек айлары арасында шетелге көшкендердің 28,8 мыңы немесе 84,1 пайызы қалада тұратындар екен. Бұл туралы Ranking.kz зерттеуіне айтылады.

Осы жылдың үш тоқсанында Қазақстаннан 34,2 мың адам көшкен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда   8,3 пайызға көп.  Ал   Қазақстанға   8 мың адам келді. Бұл былтырмен салыстырғанда, 14,4 пайызға   аз. Осылайша теріс көші-қон сальдосы 26,2 мың адамға артты.

 Қазақстаннан көшкендерді басым бөлігі  Ресейге қоныс аударған, осы жылдың алғашқы тоғыз  айында 30,4 мың адам көрші елді таңдады.  Қазақстандықтар таңдаған екінші мемлекет – Германияға 2,1 мың адам кеткен. Беларусь   үздік үштікті аяқтайды, 297 қазақстандық осы елге көшкен. Алғашқы бестікке 220 адам қоныс аударған Өзбекстан және 190 адам көшіп кеткен АҚШ кіреді. Қырғызстан, Израиль, Қытай, Түркия мен Канадаға көшкендер де бар.

Ал Қазақстанға көшіп келушілер негізінен Өзбекстан (2,9 мың адам), Ресей (2,2 мың адам) және Қытай (686 адам) тұрғындары.