Бабыңа кел, «Барыс»!
Бабыңа кел, «Барыс»!
122
оқылды

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) өткен маусымын сәтті өткізіп, жан­күйер­лердің қошеметіне бөленген елорданың «Барысы» биылғы біріншілікте тек сү­реңсіз ойынымен ғана көзге түсіп жүр. Команда кейінгі өткізген ойындарында жеңілістен көз ашпай келеді.

Таяуда сырт алаңда СКА-мен ойнап, тар­тысты өткен кездесуде 4:3 есебімен есе жіберді. Бұл клубтың чемпионаттағы қа­тарынан бесінші жеңілісі болатын. Бүгінде команданың былтырғы қарқыны атымен жоқ. «Барыстың» биылғы турнир кес­тесінде жоғары орыннан көрінуі былай тұрсын, үздік 8 клубтың қатарына іліне алмай қалу мүмкіндігі жоғары. Енді «Барыс» сәтсіз серияға нүкте қойып, өз алаңында өткізетін ал­дағы бес ойында турнирлік кестедегі орнын жақсартпаса жағдай қиын. СКА-мен матчтан соң бас бапкер Юрий Михайлис өз шәкірттерінің ойынына көңілі толатынын, алдағы уақытта жеңіс үшін барын салатынын айтып, жанкүйерлерін сабырға шақырды. – Команда матчқа тыңғылықты дайын­далды. СКА командасының кейінгі ойынын то­лықтай зерттедік. Ойын кезінде де коман­дамыз соңына дейін күресті. Екі рет таразы басын теңестірдік. Жеңіс үшін барын салып едік. Тек бізге аздаған сәттілік қана жетіспеді, ­– деді жаттықтырушы. Осы ойыннан соң «Чемпионат» спорттық басылымы Құрлықтық хоккей лигасының биылғы  маусымында «Барыстың» ала-құла ойынын сынға алды. Спорт журналисі Павел Панышев бәріне бас бапкер Юрий Михайлис кінәлі деп есептейтінін жасырмады.

Бүгінде команданың былтырғы қарқыны атымен жоқ. «Барыстың» биылғы турнир кес­тесінде жоғары орыннан көрінуі былай тұрсын, үздік 8 клубтың қатарына іліне алмай қалу мүмкіндігі жоғары. Енді «Барыс» сәтсіз серияға нүкте қойып, өз алаңында өткізетін ал­дағы бес ойында турнирлік кестедегі орнын жақсартпаса жағдай қиын.

– «Барыстың» өткен маусымда қалай өнер көрсеткенін барлығы жақсы біледі. Андрей Скабелка жаттықтырған кезде команданың ойыны керемет болатын. Бапкер ауысқасын бәрі бірден өзгеріп шыға келді. «Барыс» әр ойын сайын жеңілістен көз ашпай кетті. Ойын­шыларында да ауызбіршілік жоғалды. Жағ­дайды түзету үшін тез арада команданы жаңа деңгейге көтеретін тәжірибелі жат­тықтырушы керек, – деп дабыл қақты. Иә, расымен «Барыс» үшін биылғы мау­сымның сәтсіз өрбуіне мамандар түрлі болжам жасап әлек. Мәселен, бірі былтыр команданы өрге сүйреген бірқатар хоккейшінің коман­дадан кеткенін және олардың орнын басатын лайықты ойыншыларды алмағанның зар­дабын тартып жатқанын айтады. Енді бірі экс-бас бапкер Андрей Скабелканың ко­мандадан кетуі «Барыстың» ойынына кері әсерін тигізді деп санайды. Сондай-ақ кей мамандар пандемияға байланысты ко­манданың дайындығы аз болғанын да алға тартуда. Барыс Хоккей комментаторы Жігер Әзберген қазір «Барыс» үшін ауыр кезеңнің бірі екенін, алдағы уақытта команда жақсы ойындарымен қуантатынын айтты. – Барыс хоккей клубының соңғы бес ойын бойы жеңіске жете алмауының бір емес бірнеше себебі бар. Біріншіден, команданың жаңа маусымға дайындығы дұрыс болмады. Оған пандемия әсер етті. Егер де барлық командалар 1 шілдеден бастап оқу-жаттығу жиынын өткізсе, біздің команда жаттығуға кешігіп кірісті. Екіншіден, командадағы көп ойыншылардың коронавирусқа шалдығып, 14 күн бойы оқшаулануы командаға қосымша соққы болды. Осындай жағдай клубтың ойынына қатты әсер етіп отыр. Тағы бір мә­селе, Ресейде ойынға жанкүйерлердің 30 пайызы қатыса алады. Ал бізде оған еш рұқ­сат жоқ. Бұл да шешуші фактордың бірі саналады, – дейді спорт маманы. Ол сонымен қа­тар команданың өз алаңында өткізетін төрт кездесуінің маңызын, барлық ойында елордалық ұжымға жеңістің ауадай қажет еке­нін сөз етті. Маусым басталғалы бері «Барыс» Шығыс конференциясында бүгінге дейін 26 кездесу өткізіп үлгерді. Қарсылас қақпасына 56 шайба енгізіп, өз қақпаларына 74 шайба өткізіп алды. Қазіргі кезде команда 25 ұпаймен 10-орында келеді. Юрий Михайлис шәкірттері қайта қайратына мініп, келесі кездесулерінде же­ңіс­ке жетсе ғана бабына қайта келмек. Құр­­лықтық хоккей лигасында еліміздің на­мысын қорғап жүрген клуб жақында жанкүйерлерін қуантып, еңсесін тіктейтініне сенеміз. Бабыңа кел, «Барыс»!

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ