Иесіз электр желілері қала балансына беріледі
Иесіз электр желілері қала балансына беріледі
167
оқылды

Бұл желілер қала әкімдігінің қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на әрі қарай қызмет көрсету үшін тегін берілді.

Бүгінде  қаланың 7 ауданында иесіз инженерлік желілердің тағы 450 нысаны (ТП – 146 дана, электр желілері – 253,6 шақырым, жылу желілері – 19,7 шақырым, су құбырларының желісі – 66,4 шақырым, кәріз желілері – 24,1 шақырым) анықталды. Оларға қатысты одан әрі қызмет көрсету үшін қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы соттың оң шешімі бар. Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 129 электр желісі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға тегін берілді. Жалпы ұзындығы 50,7 шақырым болатын сумен жабдықтау желілерінің 77 нысаны мен ұзындығы 15,1 шақырым болатын 63 кәріз желілері нысандарын «Алматы Су» МКК-на тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің  қаулысы бар. Жылумен жабдықтау желілерінің 49 нысанын да «Алматы жылу желілері» ЖШС-не тегін беру туралы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы дайын. Қазіргі таңда қабылдау-тапсыру актілерін дайындау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.