Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында сексеуілді сақтап қалу жайын айтты.
«Ақпарат көздерінен сексеуілді сақтау туралы қызықты материал оқыдым. Өкінішке қарай, шөл даланың осынау қазынасын отау салдарынан жылына 700 млн доллар шығын келтіріледі. Мұның арты тұтас ауылдардың шөл далаға айналуына әкеп соғады. Жайылым жерсіз қаламыз. Яғни, экологияға да, ауыл шаруашылығына да зиян келеді. Осының салдарынан адамдардың денсаулығы да нашарлайды. Мемлекеттік деңгейде сексеуілді шабуға тыйым салынған. Айыппұл бар. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, өкінішке қарай бұл шектеулердің әлі де жеткіліксіз екенін көрсетуде», - деді министр.