Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ақша сорпа асқазанға сіңе ме?

«Айқын» ақпарат
Қараша 27, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
ақша
4
қаралым

Сіз ақаша салатын жеп көрдіңіз бе? Әлде, ақша сорпасын ішпеген боларсыз?  Немене, таңдайыңыз кеуіп, таңданып отырсыз ба? Tengri банк басқарма төрағасының  бұрынғы орынбасары Бақтияр Ильиясовтің ақшадан жасалған сорпа ішкісі келіп, әйелінің қасында қасын керіп тұрды.

– Жаным, бірдеңе айтайын ба?

– Айта бер, отағасы?

Жымқырған ақшасын қайтарды. Алайда жазасыз қалды…

Азық-түлік бағасы қымбаттады

Жаңажылдық сыйлыққа бөлінген ақшаны әріптестерінің еміне берді

– Ақшадан сорпа ішкім келіп тұрғаны.

  Әйелі оған таңдана қарады. Не айтар дегендей, көздерін жыпылық­татты. Ал, күйеуі ыңыранып, ықы­лық атты. Сосын күйеуінің бе­тін шымши тартып көрді.

– Сен.. сен  «срочно» жынданып кеткен жоқсың ба?

– Жоқ, кәдімгі ет сорпаға ақша турап пісірсең, ақшаның дәмі кіреді. Ақшадан жолымыз болады. Миллиардер боламыз.

– Оны кім сыбырлады? –деп сұрады әйелі.

– Солай, құлағым өзінен-өзі жыбырлады,

– Ну, смотри, ол сорпадан мен ішпеймін.

– Досымды шақырамын. Түске дайындашы?

  Сол екен, түске дейін әйелі ақша сорпа пісірумен болды. «Лабровый» жапырақтарының орнына, суға  жиырма мыңдық ақша салып, ет турап, сәбіз турап, сорпаны үш сағат қайнатты. Түске жақын Бақтияр Алматы қаласындағы филиал директорының орынбасары Әсет Жадықовқа  ұялы телефонымен хабарласты.

– Әлеу, Әсеке, біздің үйге өзіңді ертіп кел.

– Тыныштық па?

– Әйелім ақша сорпа  қайнатып, дастарханды жайнатып жатыр. Ішіп кетесің.

– Мен… ақша сорпа ішіп көрген емеспін.

–Сол сорпадан ішсең, мил­лиардер боламыз.

– Қойшы, рас па?

   Әсет  ә дегеннен сене қоймаса да, Бақтиярдың үйіне тез жете қойды. Екеуі  дастархан  төрінде қоқайып отыр. Бір кезде әйелі ақша қосылған сорпаны буын бұрқыратып, алдарына қойды. Бақтияр сорпа ішінде қалқып жүрген қағаз ақшаның бірін шанышқымен іліп алып, тістеп көрді. Сосын  жыртып жей бастады. Көздерін жұмып, рахаттана жеді дейсің. Аузы аңқиып қарап отырған Әсет те бір жапырақ теңгені алып, үстіне майонез жағып, бұрыш сеуіп болды да, көздерін жұмды. Сосын аузына салып, ұзақ шайнады. Бір кезде Бақтиярдың әйелі он мың тең­геліктерден  пісірілген кәуәп әкелді, Әр еттен кейін құйрық орнына ақша салыныпты. Екеуі рахаттана жеді. Одан кейін доллардан пісір­ілген дімләмәдан да қарындарын қампитты. Тиын салаттар кере­мет! Жүз теңгеліктерді жалайсың. Майын сорғалатып.  Жиырма теңгеліктерді жұтып та жатыр. Ммм, неткен дәмді, әрі дас­тарханда сәнді еді?! Оо, бес мың тең­геліктерден қуырылған қуыр­дақты айтсаңызшы! Екі мың теңгеліктер салфетка орнына қойылыпты! Байлық, дарақалық не істетпейді десеңші? Мың, бес жүз теңгеліктер ас мәзіріне қосыл­маған. Оларды банкир байлар мен­сінбейді ғой?

  Бір кезде екеуі  әжетханаға қарай жүгірді дейсіз! Шетелдік долларды араластырып жеген соң, іштері өтіп, мазалары қашты. О, дүниеқоңыздар, ауру астан емес, ақшадан, ақшадан!

  Шынымен сеніп отрсыздар ма? Сіздердің көңіл-күйлеріңізді білгім келіп, қайтер екен деп жазып отыр­ғаным ғой. Ал, шын мәнінде,  Бақ­тияр Ильиясов пен Әсет Жа­дықов  аталмыш банктен жалпы сомасы  8 миллиардтан астам тең­гені жымқыра салған да, жей сал­ған. Бүгіндері екеуінің де іштері өтіп… жауапқа алынып, нетіп…

Ратхұм МІРЕШ

 
Тегтер: ақшаетсорпа
Алдыңғы жаңалық

Бас айналдырған бағалар

Келесі жаңалық

Айран жалағыштар…

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат»
Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
ауа райы
Жаңалықтар

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 2021
дзюдо
Жаңалықтар

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 23:49

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 23:18

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 22:21

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 21:19

Өскеменде ер адам зейнеткердің 2 млн теңгесін жымқырып кеткен

Қаңтар 16, 20:52

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 20:10

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 20:04
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

«Қайрат»

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»