Павлодарда 1 жасар баласын аялдамаға тастап кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда 1 жасар баласын аялдамаға тастап кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
126
оқылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Павлодарда учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылының арқасында баласының өмірін қатерге тіккен 33 жастағы әйел ұсталды. 26 қараша сағат 20:40-та полицияға Павлодар қаласындағы «Автовокзал» трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық азиат типтес бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Балада дене жарақаты болған жоқ. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлардың жұмысының нәтижесінде, учаскелік инспекторлар 32 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Toyota Camry автокөлігін анықтады. Оның айтуынша, ол InDriver мобильді қосымшасы арқылы жолаушылар тасымалымен айналысады.   https://youtu.be/snQemtnK2oQ 26 қарашада ол Семейден Павлодар қаласына баласы бар әйелді әкеліп, автовокзалға қалдырған. Екі сағаттан астам уақыт аралығында күдікті әйел ұсталды.

«Оқиға бойынша ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қызметкерлері әйелдің жалғызбасты ана екенін, асырауында кәмелетке толмаған екі ұлы (9 жас, 1,2 жас) бар екенін анықтады.   https://youtu.be/vWkkY41F73U

Үлкен ұлы әжесімен бірге Екібастұз қаласында тұрады. Соңғы жылдары әйел Тараз қаласында тұрған. Ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлағаны белгілі болды.