Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Бала сатқан бәтшағар

«Айқын» ақпарат
Қараша 27, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
бала
2
қаралым

«Балалы үй ‒ базар» дегенді «Ба­ла­лы үй ‒ барахолька» деп өзгерткен дұрыс  болар едім. Бала бауыр етің, бала бақытың, шаттығың емес пе?  Баланы бақадай көріп, арам ниет­терімен ашық саудаға салатындарды сырдың суына лақтырып жібергің келіп тұрады.  Осындай безбүйрек аналардың бірі Назгүл Есенова.  Ол бір күні танысына сыбырлап былай деді.

– Сатайын деп едім.

– Не сатпақшысың? ‒деп сұрады құрбысы.

Алаяқ 5 жасар баланың қолындағы қымбат ұялы телефонды 1000 теңгеге сатып алған

Қырғызстанда тауда қайтыс болған елордалық оқушыға қатысты тың мәліметтер жарияланды

Ақтау полициясы екі жасар баланың арманын орындады

– Баламды.

– Жындысың ба?

– Қиналып кеттім. Ақшадан.. Шымкентте жұмыс жоқ.

– Өз балаңды?

– Енді көршінің кеңкелес баласын сатпайтын шығармын?

– Бала құспай ма?

– Құспайды.

– Бұтыныа тышпай ма?

– Тышпайды… ‒деп қойып қалды анау.

– Жыламай ма?

– Жыламайды, «Мамам қай­да?» деп сұрамайды.

– Қанша жаста еді?

– Екі жасар.

– Айтып көрейін, кейін жылап жүрмейсің бе?

– Одан бөлек төрт балам бар, төртеуін ғана асырауға шамам бар.

«Отыз ауыздан шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деуші еді бая­ғыда. Сол әңгіме полицейлердің де құлағына қоңырау болып соғыл­ды. Сосын екі полицей ерлі-зайып­тылар болып келіп, Назгүлмен сөйлесе бастады.

–Кешіріңіз, бала сатады деп естідік.

–Ия.

– Балаңызды өзіңіз туғансыз ба?

– Жоқ, біреумен бірігіп тудық.

– Ашуланбаңыз, жәй сұрап жатқанымыз ғой. Қанша дейсіз?

– Келісеміз ғой.

– Кейін байбалам салып жүр­мейсіз бе?

– Құдай сақтасын!

– Полицейлер құжаттарын көрсеткенде, келіншек кеңкілдеп күле бастады.

– Неге күлесіз? ‒деп сұрады полиция инспекторы.

– Бәсе, сидаңдаған сұрақ­тарыңыздан секем алып едім, дұ­рыс болжаппын.

– Не үшін сатпақ болдыңыз?

– Қиналып кеттім.

– Қиналғанның бәрі балаларын сата беретін болса, не болады мына өмір.

– Өмір… Өмір деген бықсыған көмір.

– Көмірді қоя тұрыңыз, сіз бұрын да алаяқтық жасап, сот­талған екенсіз.

– Ол менің тағдырым. Орысша‒судьба.

– Сіздейлерді безбүйрек ана дейтінін білесіз бе?

– Жоқ, мен супер бүйрек анамын.

– Неге олай дейсіз?

– Балам бақуатты жерде өмір сүретін болар еді, нанға зар болып, қиналмас та еді.

Ол кінәсін мойындап, екі қолын созды. Тап сол жерде қолына кісен салынды.

Сот үкімі шыққанша тағы да аяғы ауырлап үлгерді. Осыны ескерген судья оған алты жыл ғана  бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Мұндай сорақылық тек Шымкентте ғана емес, еліміздің әр түкпірінен шаң беріп қалатыны бар. Адамды зат ретінде қарай­тындар кейін өкініп, өгіздей өкіріп, бармақ тістеп те жатады. «Балалы үй‒барахолька базары ғой» ағайын, арды сатпайық, баланы жылат­пайық!

 Ратқұм МІРЕШ

 
Тегтер: балабезбүйрек ана
Алдыңғы жаңалық

Айран жалағыштар…

Келесі жаңалық

Әйел болғым келмейді!

Ұқсас жаңалықтар

Хабиб
Жаңалықтар

Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
Екібастұз
Жаңалықтар

Екібастұзда жол апатынан 3 адам ауыр халде ауруханаға түсті

Қаңтар 17, 2021
Жас өнертапқыш
Жаңалықтар

Жас өнертапқыш қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты

Қаңтар 17, 2021
ауа райы
Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 17, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 18, 00:22

Екібастұзда жол апатынан 3 адам ауыр халде ауруханаға түсті

Қаңтар 17, 23:41

Жас өнертапқыш қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты

Қаңтар 17, 22:59

Ауа райына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 17, 22:30

«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді

Қаңтар 17, 21:40

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқу форматына қайта көшті

Қаңтар 17, 21:15

Дәрігер-диетолог кімдерге бал жеуге болмайтынын айтты

Қаңтар 17, 20:51
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Хабиб

Хабиб Нұрмагомедов UFC-ге қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
Екібастұз

Екібастұзда жол апатынан 3 адам ауыр халде ауруханаға түсті

Қаңтар 17, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»