Семейдегі тері-былғары өңдеу комбинаты жабылады.
Аймақтағы Индустриалдық карта мен мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаға енген комбинатта 1700 адам жұмыс істейді. Қазынаға жылда бір миллиард теңге салық төлеп отыр. Биыл шілде айында Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты комбинатты банкрот деп тану жөнінде шешім шығарған.
Президенттен араша сұраған ұжымның жанайқайына Үкімет құлас асқан. Бірақ Облыстық соттың аппеляциялық алқасы зауыт ұжымының үмітін үзген.