Па, шіркін, пародия

Па, шіркін, пародия

Көршінің қызы керемет еді, Әкесі де оның жақсы адам. Ауылдан біздің неге кетеді, Ауа райы ма жақпаған?   Бекжан Әшірбаев. «Көршінің қызы» әнінен. «Шешесін көріп, қызын ал»  Халық мәтелі. «Көршінің қызы керемет еді, Әкесі де оның жақсы адам». Көрінген жайды өлең етеді, Тарықты ма әлде ақшадан? Құмалақ түссе, бұзылар май да, Түзетер болса қатесін: Шешесін көріп, қызын алмай ма, Мадақтағанша әкесін?..

Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ