Жұлымыр жұмбақ

Жұлымыр жұмбақ

Түткен жүн секілді, Кейде ұқсас мақтаға. Түр-түсі не түрлі, Аласұр, Ақ, Қара.   Көзі жоқ болса да, Көлдетіп жылайды. Көз жаспен Соншама Жасайды лайды.   Қолы жоқ, Алайда Сан сурет салады. Сән беріп маңайға, Құлпыртар даланы. Ұшады аспанда, Қанаты жоқ бірақ. Жеткізбес қашқанда, Жел соқса қаттырақ.   – Жасырып не керек, Немене бұл тегі? – Жұмбағым – керемет Көктегі бұлт еді!