Алматыда көшеден ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі. Осы сипаттағы видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Автордың айтуынша, бұл оқиғаның Жібек жолы көшесі мен Сейфуллин даңғылында болған.
- Ер адамның жеке басы анықталды. Ол 1975 жылғы азамат. Оның денесінен көзге көрінетіндей зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.https://www.youtube.com/watch?v=kCbfJ12sP2g&feature=emb_logo