Тoyota Land Cruiser Prado жүргізушісі Түркістанда 1-сынып оқушысын қағып, мерт қылды
Тoyota Land Cruiser Prado жүргізушісі Түркістанда 1-сынып оқушысын қағып, мерт қылды

Түркістандағы мектептің жанында Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі бірінші сынып оқушысын қағып кетті. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік жүргізу құжаты жоқ екені белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қарашада, сағат 12.30 шамасында, Түркістандағы мектептің жанында Toyota Land Cruiser Prado көлігі бірінші сынып оқушысын қағып кетті. Апат салдарынан кейін бала қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, ауыр жарақаттан қайтыс болды.

«Аталған факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғады. Көлік жүргізушісі құжатсыз және жүргізуші куәлігінсіз жүргені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды, жүргізуші қамауға алынып, көлік тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды»,–деді полиция қызметінен.

Сондай-ақ, Түркістан облысының полициясы ата-аналарға абай болуды және балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.