Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА шараларына қатысты

Отырыс барысында ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы сайланды.

"Айқын" ақпарат
Қараша 27, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
ТМД
108
қаралым

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы мен ұйымның 51-ші жалпы отырысы онлайн түрде өтті. Оған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент депутаттары қатысты.

Отырысқа қатысушылар ТМД елдерінің пандемиямен күрес бойынша қабылдап жатқан заңнамалық шараларды, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ынтымақтастық және оны нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Отырыс барысында ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы сайланды. Мәулен Әшімбаев Қазақстан Парламенті делегациясының атынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесін ескере отырып Валентина Матвиенконы ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы қызметіне қайта сайлауды ұсынды. Қатысушылар бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Nur Otan депутаты тұрмыстық зорлыққа қарсы заң жобасын пысықтауды ұсынды

Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамдағы пікірді ескеруіміз керек – Мәулен Әшімбаев

Шетелдің дипмиссиясы шекеден қарай ма?

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде ұйымның жұмысын жоғары бағалады.

«Бүгінде Парламентаралық Ассамблея біздің елдеріміз арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол халықаралық деңгейдегі сындарлы диалог пен өзара іс – қимылдың қажетті алаңына айналды», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Күн тәртібінде сондай-ақ ТМД елдерінің мемлекеттік билік органдарына алдағы жылғы сайлауды байқауға дайындық мәселелері талқыланды. Мәулен Әшімбаев Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар – мәслихатқа сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетіні туралы қатысушыларды хабардар етті. Ол ТМД ПАА-дағы әріптестерінің өкілдерін сайлауға байқаушы ретінде жіберуге шақырды.

Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА шараларына қатысты

Сенат Төрағасы соңғы уақытта Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси салада елеулі өзгерістер жүзеге асып жатқанын атап өтті.

«Олар, атап айтқанда, еліміздің сайланбалы органдарында түрлі әлеуметтік топтар өкілдерін көбірек қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен, партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға отыз пайыздық квота енгізілді. Бұл жас ұрпақ пен әйелдердің Парламент пен мәслихаттар қызметіне көбірек қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы Қазақстандағы парламенттік оппозицияның жаңа институты туралы да айтты.

«Еліміз Президентінің бастамасы бойынша парламенттік оппозиция институты заң жүзінде бекітілді. Мәжіліске өткен оппозициялық партияларға комитеттер құрамында басшылық лауазымдарды атқару құқығына кепілдік берілген. Онда Мәжілістегі бір тұрақты комитеттің төрағасы мен екі комитеті хатшысының лауазымдары туралы айтылып отыр. Парламенттік оппозицияға парламенттік тыңдауларға бастамашылық жасау, балама заң жобаларын енгізу және Мәжілістегі үкімет сағатының күн тәртібін әзірлеу мүмкіндігі бекітіледі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сол күні ТМД ПАА-ның 51-ші жалпы отырысы болды. Онда қатысушы елдердің парламентшілері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мәдени мұра нысандарын сақтау туралы конвенцияның жобасын, сондай-ақ бірқатар үлгі кодекстер мен заңдарды қарады.

Парламент Сенатының Баспасөз қызметі

 

 

 
Тегтер: Мәулен ӘшімбаевпарламентТМД
Алдыңғы жаңалық

Тұңғыш Президент күні қарсаңында оқушылар мен студенттерге деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

Келесі жаңалық

Жеті адам найзағай түсіп қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей
Жаңалықтар

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 00:13

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 23:35

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 23:09

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 22:43

Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қаңтар 25, 22:09

Ақпаннан бастап 1-2 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады

Қаңтар 25, 21:36

«Челси» Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты

Қаңтар 25, 21:07
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»