Цой карантин кезінде 7,7 миллион теңге тапқан дәрігер туралы айтты
Цой карантин кезінде 7,7 миллион теңге тапқан дәрігер туралы айтты
110
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-брифингте коронавирус аумағында жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы туралы айтты. 

Министрдің айтуынша, Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істейтін дәрігер карантин кезінде 7,7 млн теңге, сол стационардағы медбике 7 млн  тапқан.

«Коронавирус жұғу қаупі бар аумақта жұмыс істейтіндерге  айына 200-ден 850 мың теңгеге дейін үстемеақы төленеді.  Мысалы, Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істейтін дәрігердің жалақысы 250 мың теңге болған, жақсы жалақы. Наурыздан бастап қыркүйекке дейінгі аралықта қосымша 1,7 млн теңге және айына 850 мың теңге үстемеақы алған. Осы кезеңде барлығы 7,7 млн теңге тапқан. Орта есеппен айына  шамамен 1,1 млн теңге алған», - деді Цой.

Сол ауруханадағы жалақысы 150 мың теңге медбике 7 млн теңге тапқан. Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтарда қатаңдатылуы мүмкін екенін айтқанын жазған болатынбыз.