"Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін": Елбасы көпке белгісіз болып келген сырларымен бөлісті
"Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін": Елбасы көпке белгісіз болып келген сырларымен бөлісті
108
оқылды

Еліміздің Тұңғыш Президенті күні бірінші желтоқсанда  "Хабар" арнасында Елбасының өмірі мен қызметіне арналған "Портреттің штрихтары" көпсериялы деректі фильмінің бірінші сериясы көрсетіледі. Фильмнен үзінді Елбасы баспасөз қызметінің Instagram парақшасында жарияланды. 

Елбасы баспасөз қызметінің мәліметінше, "Портреттің штрихтары" фильмінің бірінші сериясы эфирге 1 желтоқсанда сағат 21:40-та шығады. Жарияланған үзіндіде Елбасы өз өмірі туралы сыр шертеді.
"Құдай мұндай азапты ешкімге, саған да сездірмесін. Бұл азап кетпейді. Ауырған соң мен сонда әдейі бардым. Менің өмірім басқаша болуы мүмкін еді", - дейді Елбасы журналистке берген сұхбатында.
Фильмнің режиссері журналист Айгүл Әділова. Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен түсірілген.
"Портреттің штрихтары" – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз болып келген қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған", - делінген хабарламада.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі?? (@elbasy_nazarbayev)