Елімізде пайдаланылмайтын 6,58 миллион га жер анықталды

Елімізде пайдаланылмайтын 6,58 миллион га жер анықталды

Партиялық куратор Берік Оспановтың жетекшілігімен "Аграрлық сектор" бағыты бойынша отырыс өтті. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша 2019 жылдан бастап республикада пайдаланылмайтын 6,58 млн га жер анықталды. Бүгінгі танда оның ішінде: - 2,73 млн гектар жерді бұрынғы иелері игере бастады; - 1,33 млн гектар өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды; - әкімдіктермен 2,52 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында пайдаланылмайтын жерлердің ең үлкен аумағы анықталған. Жоғарыда айтылғандай, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларға бақылауды күшейту мақсатында жерлерге ғарыштық бақылау бойынша пилоттық жоба іске қосылды.