Сәбиін дәретханаға тастаған келіншектен жауап алынып, қамаудан босатылды (видео)
Сәбиін дәретханаға тастаған келіншектен жауап алынып, қамаудан босатылды (видео)
144
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбиді өлтірді деп күдікке ілінген әйел қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Себебі ол қыздан жауап алынып, сол жерден кетпейтіні жайында қолхат толтырылды.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 19 жастағы қыз  ауруханадан шығарылды. Оның қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. «Қызбен психологтар жұмыс жүргізілді. Әзірге оны медициналық мекемеде ұстауға негіз жоқ», – деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. [caption id="attachment_90981" align="alignnone" width="1024"]сәби ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, тергеушілер бұл мәселенің мән-жайын әлі анықтап жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

 «Емдеу мекемесінен шыққаннан кейін жас ана Жалпақтал ауылының полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіден жауап алынды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», – деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

[embed]https://youtu.be/IjpOUdueSq0[/embed] Естеріңізге салсақ, оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы, Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша 19 жастағы әйел босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Колледжде қашықтықтан оқып жатқан жас ана толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені екен.