Әйел дүкенге кіре салып, 500-ге жуық ішімдікті сындырған (видео)
Әйел дүкенге кіре салып, 500-ге жуық ішімдікті сындырған (видео)
156
оқылды

Оқиға Ұлыбританияның Лондон қаласында Хартфордширдегі Aldi бюджеттік супермаркетінде болған. Дүкенге келген клиент 5 минут ішінде 500-ге жуық бөтелкені сындырып тастады.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жасы 50-ге таяп қалған әйел шарап, сыра секілді спирттік ішімдіктер тұрған сөреге үн-түнсіз келіп, бөтелкелерді шет-шетінен еденге лақтыра бастаған. Тіпті, аяғы тайып, сынықтың біріне құлап, оң жақ қолының білегін кесіп алған.

Арасында кассада есеп айырысып тұрған адам оған тынышталып, сабырға келуіне шақырып еді басы бәлеге қалды. Әлгі келіншек оған бөтелкені лақтырып жіберді. Оның бұл қылығынан шошынған супермаркет қызметкерлері оны тоқтатуға батпады. Нәтижесінде, ол дүкенге бірнеше мың фунт стерлинг шығын келтірді. Бұл келеңсіздікті жақын маңдағы дүкеннің күзетшісі ғана тоқтата алды. Артынан әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырды. [embed]https://youtu.be/5kQelKvgjdo[/embed]