Сағынтаев: Алматы сары аймаққа енді
Сағынтаев: Алматы сары аймаққа енді

Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Құрметті алматылықтар! Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия әлі басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», – деп жазды.