Францияда қалың қардан 140 мың үй жарықсыз қалды
Францияда қалың қардан 140 мың үй жарықсыз қалды

Қардың қалың түсуіне байланысты Францияның оңтүстік-шығысында 140 мыңнан артық үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Францияда қар жауғаннан кейін электр жарығынсыз қалған үй саны 60 мыңға жеткені хабарланған болатын. Электр сымының үзілуінің негізгі себебі – қардың салмағына төтеп бере алмаған ағаштар құлап, электр желілерін бүлдірген.

«Қазіргі уақытта біз 140 мың үйді жарықсыз қалдырдық», - деді француздық Enedis электр компаниясының өкілі.

Ол сонымен қатар «қар көп жауып», Дроме, Рон, Ардеч және Изре департаменттеріндегі электр қуатына қатты әсер еткенін айтты.

Оның айтуынша, қар сымдар мен ағаштардың бұтақтарына жабысып, нәтижесінде электр желісінде қысқа тұйықталулар пайда болады.