Әрбір үшінші әйел ауылдан кетуді ойлайды
Әрбір үшінші әйел ауылдан кетуді ойлайды

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының (AERC) басқарушы директоры Олжас Төлеуов Қазақстанда ауыл әйелдерінің 64% -ы ауылдағы өмірге қанағаттанбайтындығын, ал әрбір үшінші адам көшуді қалайтындығын айтты,– деп хабарлайды ҚазТАГ.

Төлеуовтің айтуынша, орталық жүргізген арнайы зерттеуге 1424 тұрғын қатысқан.

«Сауалнамаға қатысқандардың 64% -ы мұны ауылдағы өмір жағдайына наразы екенін жеткізген. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, ауылда тұратын әрбір үшінші әйел тұрғылықты жерін өзгерткісі келеді. Алайда көшуге ниет білдірушілердің тек 4% -ы шешім қабылдауға дайын. Респонденттердің көбінің шешіміне отбасындағы қаржылық жағдай немесе жинаған ақшаның болмауы тежеуші фактор болып табылады», - деді Олжас Төлеуов.