Сарри алаңға шығармай жүрген Роналду хет-трик жасады (видео)
Сарри алаңға шығармай жүрген Роналду хет-трик жасады (видео)
218
оқылды

Португалияның Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі бар

Португалия құрамасы кеше түнде Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында Литваны 6:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Португалияның Фару қаласында өткен матчта Роналду хет-трик жасаса, Пицци, Бернарду Сильва және Гонсало Пасьенсалар бір-бір реттен көзге түсті. 

Әзірге Португалияның Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі бар. Олар соңғы турда 17 қараша күні Люксембургке қарсы ойнайды.

Еске салсақ, "Ювентус" бас бапкері Маурицио Сарри шабуылшыны соңғы екі матч қатарынан ауыстырған еді. Алаңнан ерте кеткеніне ренжіген Роналду екі ретте де Сарридің қолын алмай, бірден киіну бөлмесіне кетіп қалған. 

https://youtu.be/NYD-jbyVmh4&t=152s