Алматыдағы жол апатында жүргізуші көлік ішінде қысылып қалған (фото)
Алматыдағы жол апатында жүргізуші көлік ішінде қысылып қалған (фото)
240
оқылды

Алматыда Honda жүргізушісі апаттан кейін көлікте қалып қалған.

[caption id="attachment_91040" align="alignnone" width="1024"]апат ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Honda CRV көдігі шығыс айналма жолымен солтүстікке қарай бағыт алған. Төле би көшесінің төменгі жағындағы созылмалы бұрылыста көлік белгісіз себептермен жолдан шығып кетіп, шұңқырға түскен.

[caption id="attachment_91041" align="alignnone" width="1024"]апат ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Соған қарамастан көлік арықтың бойымен біраз жерге дейін жүріп барған. Соққының қатты болғаны соншалық, жүргізуші көлік ішінде ысылып қалған.

[caption id="attachment_91042" align="alignnone" width="1024"]апат ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Апатты көргендер жедел жәрдем мен құтқару қызметін шақыртады. Ал құтқарушылар жүргізушіні көліктен аман-есен шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Тексеруден кейін ол ауруханаға жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушіде ішімдіктің иісі шығып тұрған. [caption id="attachment_91043" align="alignnone" width="1024"]апат ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Мамандардың болжамынша, күннің ызғарынын жолдың бетін мұз басып қалған. Соның кесірін көлік жолдан тайып кетуі де мүмкін. [caption id="attachment_91044" align="alignnone" width="1024"]апат ©Сурет интернеттен алынды[/caption]